Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс бағдарламасы аясында дөңлегек үстел өтті

2017 жылдың қараша айының 9 жұлдызында Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Этикалық кеңес және АИТВ-жұқпасы және ИБ курсы бар эпидемиология кафедрасында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруда студенттердің рөлін арттыру» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелеу үстел ұымдастырушылары: мәртебелі профессор Мустафина Жанар Габиденқызы, АИТВ-жұқпасы және ИБ курсы бар эпидемиология кафедрасының ПОҚ. Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3,4,5 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын жүргізіп отырған «мәртебелі профессор Мустафина Жанара Габиденовна айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, ауқымы жағынан да ауыз толтырып айтарлықтай-ақ. Дегенмен, жағдай түбегейлі жақсарып кетті деп айтуға әлі ерте. Сыбайлас жемқорлықа қарсы студенттерді тәрбиелеу және онымен күресте немқұрайлы қарамауға .

Дөңгелек үстелде 5 курс студенті Қасымқазина Әсем баяндама жасап өзекті мәселелер төңірегінде салиқалы ой қозғады. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әр адам өзінен бастау керектігін және бұл іспен қоғам болып күресу қажеттігін айтты. «Сондықтан сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғамдағы әр жеке адамды тәрбиелеу керек. Тұрғындар мемлекеттік және құқықтық органдарға көмектесуі керек»,- деді.

5 курс студенті Нұрғали Мәрмәр баяндама жасап «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» өзекті мәселелерін айтып өтті. Оның айтуынша, заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоғамның барлық ұжымдар біріге атқару қажеттігін және де бұл жұмысты «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің қолға алғандығын» атап өтті.

Жиынға қатысқан белсенді студенттер де өз ойларын ортаға салды. Мысалы, 4 курс студенті Мурзабекова Ляззат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әр жеке адам өзінен бастау керек екенін және әлем елдерінің бұл бағыттағы озық тәжірибесіне сүйену керек деген пікірді алға тартты.

3 курс студенті Юлдашов Шахзот құнды ой-пікірлер, орынды ескертпелер айтты. Ол сыбайлас жалпыұлттық мәселе екенін және онымен күресте әр жеке адам өзінен бастау керекігін айтты.

5 курс студенті Әбдуәлі Қуаныш жемқорлықпен күресудің басты жолы – ұлттық санада. «Адалдан тапқан мал қайырлы» жемқорлықпен күресу өз еңбегіңіз мен өзгенің еңбегін бағалаудан басталатынын атап айтты.

Жиын соңында Мустафина Жанар Габиденовна белсенді студенттерге алғыс хаттарды табыстады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын әліде шыңдауды, жастарды онымен күреске жұмылдыру және өз ойларын ашық әрі батыл жеткізулерін, бұл індет жалпы қоғамның ең өзекті мәселесі ретінде қарастырып, болашақта қоғамның дамуы үшін өз үлестерін қосуды атап айтты.