Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне өткізілген «Желтоқсан жаңғырығы» атты іс-шара» есебі

2016 жылдың 8 желтоқсан күні №7 аудиторияда, сағат 12.00 факультет деңгейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Желтоқсан жаңғырығы» атты іс-шара өткізілді. Осы іс — шараны нутрициология, коммунальдық гигиена, балалар және жасөспірімдер гигиенасы курсымен еңбек медицинасы кафедралары ұйымдастырып, өткізді. Іс — шараның сценарийі нутрициология кафедрасының доценті Хасенова Г.Х., коммунальдық гигиена, балалар және жасөспірімдер гигиенасы курсымен еңбек медицинасы кафедрасының аға оқытушысы Сейдуманова Л.Б., және м.ғ.к. Текманова А.К. бірлесіп құрастырды және «Х. Досмухамедов атындағы ҚДС, МПІ, МІ және менеджмент» факультетінің К. К. Давлетоваға деканымен бекітілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі. Бұл күнді еліміз әр жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтеді. Осы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Республикасының Жоғарғы Кеңесі шешіммен ҚР тәуелсіздігі мен егеменділігі туралы заңды қабылдады.

Іс — шараның мақсаты — Отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген жауапкершілікті жетілдіру. Бұл іс — шараға Медициналық — профилактикалық іс мамандығының 4-5 курс студенттерінен 80 аса студенттер және Нутрициология және коммунальдық гигиена, балалар және жасөспірімдер гигиенасы курсымен еңбек медицинасы кафедраларының оқытушылары қатысты. Шақырылған қонақтардан ҚДС, МПІ, МІ және менеджмент» факультеті тәрбие жұмыстары бойынша деканның орынбасары Уважанова А.С., нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С. және аға оқытушысы Қожахметова А.Н. қатысты.

Университеттің ғылыми кітапханасы осы іс-шараға арнайы кітап көрмесін жасап, ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Студенттер желтоқсан оқиғасына байланысты шығарған өз туындыларын ұсынды.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Осы іс — шараға қатысқан студенттердің шығармалары мен шеберліктеріне көрермендер жоғарғы сапа берді.