«Айтматов әлемі»

2013 жылы 21 қазанда сағат 16.00-де  ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде  заманымыздың көрнекті жазушысы, заманауи көркем әдебиет классигі, ХХ ғасырдың ойшыл-философы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың туғанына 85 жыл толуына арналған көрме ашылды.Сол көрменің ашылуына медициналық-профилактика факультетінің  2 курсының 002-01,002-02 тобының студенттері жалпы гигиена және экология кафедрасының тьюторы Бегимбетова Г.А. на мен бірге барды.  «Айтматов әлемі» көрмесі Қырғыз Республикасының Қазақстандағы мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылыпты.Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Құл-Мұхамед Мұхтар Абрарұлы, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Раев Сұлтан Әкімұлы, Қазақстан мен Қырғызстанның көрнекті қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдердің дипломатиялық корпустарының өкілдері де қатысты. Көрмеге кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Оған Қырғыз Республикасының жүзден астам белгілі және жас суретшілері қатысты.