Академик Е.А. Вагнер атындағы Перм ұлттық медицина академиясына “Жалпы гигиена және экология” кафедрасының доценті, м.ғ.к. Анамбаева А.И. арнайы шақырылды

2013 жылдың қазан айының 17 мен 28 аралығында Акамедик Е.А. Вагнер атындағы Перм ұлттық медициналық академиясына С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының доценті, м.ғ.к. Анамбаева А.И. арнайы шақыртумен барып келді. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Акамедик Е.А. Вагнер атындағы ПермҰМА арасындағы келісімшартта көрсетілген ынтымақтастық бойынша, «Академиялық ұтқырлық» программасы бойынша жүргізілді. Доцент Анамбаева А.И. Акамедик Е.А. Вагнер атындағы ПермҰМА «Тамақтану гигиенасы» кафедрасындағы педиатрия факультетінің 4 курс, 4 топ студенттеріне «Жалпы гигиена» пәні бойынша циклдік тәжірибелік сабақ жүргізді.