Академиялық мобильділік

Қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаментінің директоры, профессор Камалиев М.А. шақырылған жақ есебінен 2016 жылдың 29 мамыр айынан 4 маусым аралығында денсаулық ғылымдары Литва университетіне академиялық мобильділік бағдардамасы бойынша барып қайтты. Профессор Камалиев М.А. барған сапарында 8 сағат көлемінде білім алушыларға «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбында шеберлік – сыныбын және семинарлар өткізді. Сапар барысында Премьер –министрінің кеңесшісі Antanas Vinkusпен, ректор, профессор Remigijus Zaliunasпен, университет Сенаты төраға – канцлеры, профессор Vilius Grabauskasпен, профилактикалық медицина кафедрасының меңгерушісі, профессор Linas Sumskasпен, мейірбике ісі факультеті деканы, профессор Jurate Macijauskieneмен, мінез – құлық медицина Институтының директоры, профессор Narseta Mickuvienėмен, білім беру және халықаралық серіктестік Бөлімінің жетекшісі, профессор Zilvinas Padaiga және оның қызметкерлерімен кездесті. Іс — сапар аяқталған соң денсаулық ғылымдары Литва университетінің визитинг – профессоры дипломы берілді.