«Алаш Орданың көшбасшыларының бірі Халел Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығы» атты дөңгелек үстел

2016 жылдың сәуір айының 22-ші жұлдызында сағат: 14.00-де «Алма-Ата, 78» Конференц-залында Қоғамдық денсаулық сақтау институты және «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын тойлау аясында: «Алаш Орданың көшбасшыларының бірі Халел Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Ректордың кеңесшісі, профессор Мұстафина Ж.Ғ., Қоғамдық денсаулық сақтау институтының жетекші маманы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ізмұхамбетов Т.А., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Хабижанов Б.Х., ф.ғ.д., профессор Ғарифолла Әнес, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Мектепов А., кафедраның аға оқытушысы Рамазанова М.А., Халел Досмұхамедовтың немерелері Акимбаев С.М., Абдрахимова А.Е., Абдрахимова А.Е.,шөберелері  Абдрахимова Г.Б., Абдрахимова А.М., сонымен қатар Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының докторлары, магистранттары және 4 курс студенті Дабаров А., 3 курс студенті Нұрғожа А. қатысты.

Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында профессор Мұстафина Ж.Ғ. құттықтау сөзін сөйледі.

Дөңгелек үстелде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Халық денсаулығы және Халел Досмұхамедов.
  2. Медициналық тәжірибе және Халел Досмұхамедовтың отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі.
  3. Халел Досмұхамедовтың шығармашылық мұрасы және қоғамдық денсаулық аясында жас ғалымдардың қазіргі заманғы міндеттері.

ҚР БҒМ РМҰ «Ғылым Ордасы» Ғылыми кітапханасы «Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер» бөлімінің қолдауымен Халел Досмұхамедовтың сирек кездесетін кітаптарынан көрме ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өсіп келке жатқан ұрпаққа Халел Досмұхамедовтың мұраларын насихаттау үшін жұмысшы топ құруды шешіп, түйінді ой қорытты.