Алихан Ризаұлы Чокиннің 90-жылдығына

Алихан Ризаұлы Чокиннің 90-жылдығына

2015 ж.21 мамырында медицина ғылымдарының докторы, профессорАлихан Ризаұлы Чокиннің 90-жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

А.Р. Чокин1945 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түседі. 1950 ж. сәтті аяқтап, денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының аспирантурасына қабылданады.Ізінше ассистент, кейін кафедрадоценті қызметін атқарады. 1969-1988 жж. аралығында өзі негізін қалыптастырған медицина тарихы кафедрасын басқарады, ал 1988-1992 жж.– әлеуметтік гигиенажәне денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медицина курсымен кафедрасының меңгерушісі, 1993-1996 жж.–кафедрапрофессоры.Ұлы Отан соғысына қатысушы.2 ретҰлы Отан соғысы 1-ші дәрежелік орденімен, «Құрмет белгісі»орденімен, «Денсаулық сақтау үлгісі» белгісімен, ҚазКСРО Жоғарғы Кеңесінің құрмет гра­мотасымен және медальдармен марапатталған.

Университетректоры, профессор А.А. Аканов алғы сөзінде мұндай салтанатты іс-шараларды өткізу бүкіл өмірін студенттік жастарды оқытып, тәрбиелеуге, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар мен денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындауға бар күш-жігерін салған тұлғаларға арнау парызымыз әрі құрмет екенін айтып өтті.

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, профессор М.А. Камалиев баяндамасында А.Р. Чокинді еске алудың тереңсимволикалық мағынасын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін эстафета екендігімен түсіндірді және оның жарқын дәлелі – конференцияға қатысқан бүгінгі студенттер.

Медицина тарихы мұражайының директоры, доцент Саятова А.С., тарихимәліметтерге негізделе отырып, А.Р. Чокиннің өмір тарауларын, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау мен ғылымға қосқан үлесін мәлімдеді.

Республикалық ғылыми-медициналық кітапхананың директорыИ.А. Анамбаев А.Р. Чокиннің аспирантураға түскен және оқыған жылдары жөніндегі естеліктергетоқталды.

Доцент Г.Б. Исмагуловаөзінің кәсіби және ғылыми өмір жолындағы А.Р. Чокиннің рөлін оның жауапкершілікті, қатаң бола тұра қайырымды болғанын айта отырып әңгімеледі.

М.ғ.к. Третьякова С.Н. педагог А.Р. Чокиннің жоғары адами қасиеттерінің арақасында бірге атқарған жұмыстарына тоқталды.

А.Р. Чокиннің отбасы мүшелері Қазақ ұлттық медицина университетінің әкімшілігі мен қызметкерлеріне Алихан Ризаұлы Чокинді еске алу кешін өткізгендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.