Америкалық денсаулық сақтау ассоциациясы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ–нің құрметті профессоры Алмаз Шарманның «Персоналдық медицина –денсаулық сақтаудағы жаңа парадигма» атты қонақ дәрісі

Америкалық денсаулық сақтау ассоциациясы,  С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің құрметті профессоры Алмаз Шарманның «Персоналдық медицина денсаулық сақтаудағы жаңа парадигма» атты қонақ дәрісі

22 қыркүйекте Нутрициология кафедрасы ұйымдастырған медицина профессоры Алмаз Шарманның «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің  V курс студенттеріне және «Жалпы медицина» факультетінің  II- курс студенттеріне «Персоналдық медицина –денсаулық сақтаудағы жаңа парадигма» атты қонақ дәрісі өтті

Дәріс кезінде клиницистерге аурулардың табиғатын түсінуге, олардың ерте нақтмалауына, алдын алуына және болжамдауына қажетті,  маңызды  медициналық мәліметтер базасын қолдануының жаңа перспективалары туралы ақпарат берілді.

Профессордың түсініктемесі бойынша, қазіргі кездегі медицина пациенттерді құрметтеуге, олардың жеке таңдауын қолдауға, медициналық көмек көрсетудің төмен стандарттарын жақтамауға, қауіпсіз емес тәжірибені жақтамауға бағытталған.

Студенттер қызығушылықпен дәрісті тыңдап, аяғында сұрақтар қойды.