«Арландар сайысы» Республикалық ашық турнир өтті

14 қазан 2017 жылы сағат 10:00-де «Алматы арена» стадионында қазақ күресі бойынша студент-жастар арасында алғаш рет «Арландар сайысы» Республикалық ашық турнир өтті

 

Турнирге Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 күрескер қатысты. Ашық турнир ережесіне сәйкес арландар сайысына18 бен 29 жас аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының жас спортшыларының қатысуына рұқсат етіліп өткізілді.

Осыған орай С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң Х.Досмухамедов атындағы мектептің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің студенттері жанкүйер ретінде барып, сайысты тамашалап қайтты.

Спортшылар арасында (-60 кг., -74 кг., +90 кг.) салмақтағы күрес болды. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен марапатталды.

 

Сонымен, бірінші болып (-60 кг) салмақта Алматы обылысының палуаны Ержан Еренғайып ұтты.

Сонымен қатар, – 60 кг салмағындағы спортшыларды көтеру және қолдау мақсатында жеңімпазға жеңіл автокөлік сыйға тартылды.

Екінші (-74 кг) салмақта Алматы қаласының палуаны Амангелді Төлемісов 1 500 000 млн.тг.алды.

 

 

Үшінші (-90 кг) салмақта Руслан Абдразақ иеленді.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. «Арландар сайысы» ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты күресшілердің шеберліктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылды.