Ашық сабақ «Қазақтың ұлттық өнімдері»

Ашық сабақ «Қазақтың ұлттық өнімдері»

2015 жылдың ақпан айының 18-і жұлдызында «Нутрициология» кафедрасының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында Жалпы  медицина факультетінің 001-2қ тобының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық өнімдері» атты ашық сабақ өткізілді.  Ашық сабақтың мақсаты: студенттердің коммуникативті, құқықтық, тәжірибелік дағдыларын, білімін жетілдіріп, шыңдау.

Бұл ашық сабақ екі бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімде студенттер қазақтың ұлттық өнімдерімен таныстырып, олардың ағзаға пайдалы әсерімен таныстырды. Ал екінші бөлімде ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында алдағы келе жатқан ұлттық жаңа жылымыз «Наурыз» мерекесіне арналды. Бұл тұста қазағымыздың біршама салт-дәстүрін: жігіттің қызбен танысуы, қызды айттыру, сырға салу, келін түсіру, беташар рәсімі және де шілдехана, бесік той рәсімдерін көркемдеп, әсерлі етіп жеткізе білді. Сабақтың қорытындысы Шермахмедова Санияның наурыз мерекесіне арналған шағын жыр шумағымен тәмәмдалды.

Соңғы қорытынды сөз «Нутрициология» кафедрасының доценті Хасенова  Гүлстан Хасенқызына және оқытушы Бакирова Мақпал Аятқұлқызы берілді. Қазақтың ұлттық өнімдерінің адам ағзасына пайдасы туралы ата-бабамыз бұрыннан жақсы білген.  Бұл іс — шара студенттердің жүрегінде ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, отанға деген сүйіспеншілігін оятты.