«Ақыл күресі» атты интеллектуалды ойыны

2016 жылдың 21 сәуір күні сағат 15.00-де №7 оқу ғимаратының №4 аудиториясында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен «Ақыл күресі» атты факультетаралық интеллектуалды ойыны өткізілді.

Интеллкетуалды ойын жоспары 4 турдан құралды:

1 тур бойынша – командалардың өздерін таныстыруы.

2 тур бойынша – 4 суреттен 1 сөз құрап шығару.

3 тур бойынша – викториналық сұрақтар.

4 тур бойынша – студенттік ұйымдардың төрағаларының видео сұрақтары.

Интеллектуалдық ойынға: «Жалпы медицина» факультетінің студенттері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студенттері, «Фармацевтика»факультетінің студенттері, «Стоматология» факультетінің студенттері қатысты.

Нәтижесінде: ойын ережесіне және әділ қазылар құрамының шешіміне сәйкес, командалардың эмблемасын, біріңғай формаларын, таныстыру шығармашылықтарын, викториналық сұрақтар бойынша студенттердің білімділігін, ұшқыр ойлау қабілеттерінбағалап, 1-орынды «Стоматология» факультетінің студенттері, 2-орынды «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студенттері, 3-орынды «Фармацевтика» факультетінің студенттері жүлделі марапаттауларға ие болды.