«Балалар мен жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы»

Мақсаты: Оқушылырды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтау, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану, жаман әдеттерден сақтану жолдарымен таныстыру. Жас бүлдіршіндерді мектеп табалдырығынан бастап жеке басының тазалығына үйрету.

Әдісі: Концерттік бағдарлама.

Көрнекілігі: «Жеке бас тазалығын сақтау» туралы презентация, ұлағатты сөздер, студенттердің өз шығармашылығы, оқушы балаларға арналған сыйлықтар.

Тәрбие жұмысының барысы:

Жүргізуші: Бүгінгі  ашық тәрбие сабағымызды ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевың  сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

 

Денсаулық ол –күлуің

Көңіл-күйің жадырай

Денсаулық ол –жүруің

Ешбір жерің ауырмай

Құрметті көрермендер «Жеке бас гигиена» атты  тәрбие  сағатымызды  ашық  деп  жариялаймыз.

Алдарыңызда С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналык университетінің  4 курс студентері сізер мен танысу ретінде сіздерге жеке бас гигиена туралы өздері шығарған әндерін орындап береді. Қарсыалыңыздар.

 

«Тазалықты сақтау керек»

Тазалықтың бастамасы,

Осылардан басталады,

Бақша, мектеп, интернаттан

Әр бір бала үлгі алады.

Жақсылықпен қарап оған

Қорғау біздің басты міндет

Үлкен-кіші, ұл-қыз болып

Тазалықты сақтау керек

Жүргізуші: Назарларыңызда  Баратова М.Ж  «Жеке бас тазалығын сақтау» Презентациасымен танысу және берілген ақпарат бойынша оқушыларға жұмбақтар қойып, викторина жүргізу. Жұмбақтың жауабын тапқан балаларға сыйлықтар берілді.

1.Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір ласың

Тап-таза боласың (сабын)

2.Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолын да

Сүртеді бетін де (орамал)

3.Қарап тұрсаң өзіңе

Суреті түсер көзіңе (айна)

4.Ашулы арыстан келеді алыстан (маңқа)

5.Түнде астанды басады

Күндіз қашады (жұлдыз)

Окушылардың мақалалры

1.Жарлының байлығы денінің саулығы

2.Тазалық саулық негізі

Саулық байлық негізі

3.Жасында салақ боласң бара бара былық боласын

 

Жүргізуші: Келесі кезекте күй «Туған-Жер». Орындайтын 7-курс студенті Әділбек

Жүргізуші:

Дос бол сабын, сумен сен,

Жиі –жиі жуын сен:

Таңертен де, кешке де,

Жуын күндіз — түсте де,

Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында,

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

«Жасында салақ боласң бара бара былық боласын» Сахналық қөріңіс.                    

 Жүргізуші: Келесі кезекте ән«». Орындайтын 7-курс студенті Әділбек

 Жүргізуші: Денешынықтыру денсаулықтын кепілі атты  окушылар арасындағы командалық ойын

 Жүргізуші: Келесі кезекте ән «Попурри». Орындайтын 7-курс студенті  Әділбек

Жүргізуші: Қорытынды сөзді Балалар мен жасөспірімдер гигиена каферасы мұғалімі Текманова А.Қ берейік. Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар. Бүгінгі тәрбие сабағымызды мына өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

 

Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

 

Жүргізуші: Осымен бүгінгі концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Оқушы балаларға әкелінген сыйлықтар таратылды.

 

Презентация