«Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері»кафедрасы

«Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасы 2015 ж.16 -қыркүйегінде №3494л бұйрығы негізінде құрылды.

Кафедраны Жусупов Бауржан Савитовичбасқарады.Кафедра құрамында 1 доцент, 2 аға оқытушы, 3 оқытушы және лаборант бар, олардың ішінде 1 PhD доктор, 1 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 2 ғылымдар магистры бар.

Кафедрада«Фармация», «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының бірінші курс студенттері, «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандықтарының екінші курс студенттері,«Жалпы медицина», «Медициналық-профилактикалық іс»және «Мейіркештік іс» мамандықтарының үшінші курс студенттеріжәне барлық мамандықтар бойынша оқудың бірінші жылындағы резиденттер дәріс алады. Кафедрада «Биологиялық статистика», «Жоғары математика», «Математика.1Бөлім», «Математика. 2Бөлім», «Экономистерге арналған математика», «Биоэтика», «Сызба геометрия және инженерлік графика», «Ғылыми зерттеулер менеджменті», «Денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау» пәндері оқытылады. Оқыту кредиттік жүйе бойынша жүргізіледі.

Кафедра ұжымы оқу үрдісінеоқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістерін енгізеді. Оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің12 актісі бар.

Кафедрақызметкерлері ҚР БжҒМ РМК«Микробиология және вирусология институты»»Изучение распространения и особенностей чувствительности и резистентности к антибактериальным препаратам патогенной и условно-патогенной микрофлоры в Республике Казахстан, вызывающей инфекционно-воспалительные заболевания человека» ҒТЖ, ҚазҰМУ «Молекулярный анализ генетических дефектов бета-клеточной функции и совершенствование диагностики моногенного сахарного диабета в казахской популяции»;ҚР ОжБМ аль-Фараби ат.ҚазМУ жанындағы РМК«Институт математики и механики» » Прямые и обратные задачи для неклассических уравнений гиперболического, параболического и смешанного типов с операторами дробного интегро-дифференцирования»(грант КН МОН РК по приоритету «Интеллектуальный потенциал страны» с 2015 г.) қатысады.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Жас ғалымдар Мектебінде сабақтар жүргізіледі.Насыбулина ат. педагогикалық шеберлік Мектебі аясында ҚазҰМУ қызметкерлері үшін семинарлар жүргізіледі.

Кафедра қызметкерлері стоматология факультеті бірінші курс студенттерінің тьюторлары болып саналады және Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті студенттерінің арасында белсенді түрде тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

1

Кафедра меңгерушісі Жусупов Бауржан Сабитович.

Санкт-Петербург қаласында (Ресей)А.Ф.Можайский ат. Әскери инженерлік-космостық институтты, Олбани штатының (АҚШ) Нью-ЙоркУниверситеті қоғамдық денсаулық сақтау Мектебіндеэпидемиология бойыншамагистратураны бітірген. Қазақстандық және халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Қоғамдық пікірді зерттеу Орталығында (ЦИОМ), Орталық Азияда аурулардың алдын алудың Америкалық орталықтарының кеңсесінде (CDC),«Шығыс-Батыс» СПИД фондында, Академиядағыпрофилактикалықмедицина Орталығында, Колумбия университеті Орталық Азия бойынша ғаламдық денсаулықты зерттеу Орталығында, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жұмыс істеген.Қызығушылық саласына медициналық – әлеуметтік және эпидемиологиялықзерттеулер жүргізу, бағдарламаларды бағалау және деректерді статистикалық талдау кіреді. Рецензияланатын жарияланымдарда 9 басылымы бар. Кеңесші ретінде жұмыстарға белсенді түрде тартылады. Жеке алғанда, қайта жаңарту және даму Халықаралық банкінің тапсырысы бойынша «Саламатты Казахстан» денсаулықты дамыту бағдарламасынын аралық бағалауға қатысқан.

2

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының ұжымы.