Біздің унивеситетті визитинг-профессор Оңтүстік Иллинойс Университетінің оқытушысы PhD in Social Science — Алмагамбетова Найля Абдулхашимовна.

Біздің унивеситетті визитинг-профессор Оңтүстік Иллинойс Университетінің оқытушысы PhD in Social Science — Алмагамбетова Найля Абдулхашимовна.

Найля Абдулхашим қызы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірді, аспирантураны Мәскеу қаласында бітірді, СММИ, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде жұмыс істеді. 13 жыл бойы Америка Құрама Штаттарында сабақ беріп жатыр.

Дәрістер мен семинарларды тыңдағандар – жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері мен кафедраның профессорлік-оқытушы құрамы. Студенттерге арналған дәрістер 13 топқа оқылды (шамамен 120 студент), сонымен бірге семинарларға стажер-оқытушылар да қатысты. Дәрістер мен семинарлардың барысында тыңдаушылар келесі бағыттағы сұрақтармен таныстырылды:

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының принциптері мен функциялары, алдын – алу шараларының экономикалық тиімділігі, халық денсаулық көрсеткіштерін критикалық бағалау, кәзіргі заманғы АҚШ денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы, медициналық сақтандыру, біріншілік медико-санитарлық көмегінің жағдайы халық денсаулығы және мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы, бірнеше елдердің денсаулық сақтау жүйелерінің салыстырмалы анализі, ғылыми зерттеулерді жүргізу принциптерді; адам фактормен байланысты зерттеулердің этикалық аспектілері; ғылыми зерттеулердің дизайны, типтері, кемшіліктері мен артықшылықтары; зерттеу жұмыстарға субъектіліерді іріктеу әдістері, ж.т.б.

Кафедраның профессорлік-оқытушы құрамымен өткізілген дәрістердің тақырыптары, шетелдік журналдарда мақала жазу принциптерімен танысу болды. Сонымен бірге, жоғарғы оқу орнында дистанциондық оқу мүмкіншіліктер мен кемшіліктер қарастырылды.

Найля Абдулхашим қызы университетімізде өткен «Болон үрдісіне Қазақстанның медициналық білім беру жүйесінің интеграциясы» атты халық-аралық ғылыми – тәжірибелік конференциясында «Медициналық білім берудегі дистанциондық оқыту мүмкүншіліктері» баяндамасын оқыды.

Визит барысында болашақ ынтымақтастық жолдары қарастырылды, солардың ішінде: студенттерге арналған дистанциондық оқыту курстарын зерттеу (қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің бөлімдері бойынша), сонымен қатар оқытушыларға арналған дистанциондық курстарды оқыту курс-тренинг мүмкіншіліктері талқыланды. Бірігіп ғылыми проекттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды (қоғамдық денсаулық сақтау және фтизиатрия кафедрасы), оған қоса халық-аралық журналдарда мақала жазу мүмкіншіліктері жоспарланып отыр.