Денсаулық сақтаудағы экономика модулі

            «Денсаулық сақтаудағы экономика» кафедрасы «Қазақстан тарихы, мәдениеттану және экономикалық теория» кафедрасының негізінде ұйымдастырылып, 2007 жылдан бастап «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент» факультетінің дербес кафедрасы ретінде жұмыс атқарып келеді. Кафедраның алғашқы жетекшісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Алшынбай Айнур Мұхтарқызы болып табылады. 2009 жылдан бастап, жоғары біліктімаман, 10 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысқан, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Садыров Ғани Ауесханович кафедраның меңгерушісінің міндетін атқаруда. 2011 жылы кафедра «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының қарамағына курс болып өтті. 2012 – 2013 оқу жылынан бастап «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулі болып құрылды. Модульдің профессорлық- оқытушылық құрамын 3 экономикалық ғылым канидидаты, 3 аға оқытушы және 4 оқытушыдан құралған.

«Денсаулық сақтаудағы экономика» модулінің мақсаты экономикалық пәндер бойынша ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуы мен кәсіби аяқтануына бағытталған оқу — кәсіби бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Қойылған мақсатты орындау үшін «Денсаулық сақтаудағы экономика»  модулі келесі міндеттерді  шешуге  қояды:

  • Оқу қызметтері нарығы мен еңбек нарығының динамикалық өзгерістегі қажеттіліктеріне сай тұтынушылардың сұраныстары мен күтулеріне негізінде жоғары білімді білікті мамандарды дайындау;
  • ПОҚ (профессорлы оқытушы құрам) мен кафедра жұмысшыларының біліктілігі мен ынталылығын оқыту, ынталандыру, деңгейлік еңбек бағалау құралдары арқылы арттыру;
  • Оқу процесін оқу — әдістемелік, материалды – техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету сапасын үздіксіз жақсарту;
  • Денсаулық сақтаудағы экономиканың маңызды бағыттары бойынша жаңа әдістер мен жетістіктерді пайдалану арқылы оқудың инновациялық технологияларын ендіру;
  • Қазіргі заманғы менеджмент әдістері негізінде басқару жүйесін жетілдіру;
  • Сапаның ұжымдық мәдениеті мен ұсынылатын қызметтер сапасы үшін әр қызметкер жауапкершілігін қамтамасыз етуді дамыту.

            Модуль Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына бакалаврлар мен магистрлер дайындауға өз үлесін қосуда. Еңбек нарығының сұранысын есепке ала отырып, модуль алғашқы білімі бар мамандар үшін екінші мамандық алуға және орташа арнайы білім негізінде оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

2012-2013 оқу жылдары «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің доценті Ғ.А. Садыров пен аға оқытушы Д. Ш. Заманбеков   Ұлыбритания еліне «Болашақ» бағдарламасымен ғылыми іс – тәжірбиеден өтті. 2014-2015 оқу жылында «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің оқытушы Е.Ж. Абишев Ұлыбритания еліне «Болашақ» бағдарламасы бойынша  магистратураға кетті. Бұл өз ретінде модулдің ПОҚ – тың ғылыми дайындығын арттыратыны сөзсіз.