«Денсаулық сақтау саясатыжәне басқару» кафедрасы

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Денсаулық сақтау саясатыжәнебасқару»кафедрасы 2009 жылғы 16 шілдедегі №44 бұйрығының негізінде құрылды.

«Денсаулық сақтау саясаты және басқару»кафедрасының алғашқы меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебаев Қазбек Ағабылұлы болған.

2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Денсаулық сақтау саясаты және басқару»кафедрасының меңгерушісі – Турдалиева Ботагоз Саитовна, м.ғ.д., доцент

Кафедра қызметінің мақсаты

  • Денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологиялар мен әдістерді жетік меңгерген жоғары кәсіпті, компетентті денсаулық сақтау мамандарын дайындау
  • Тәжірибені, ғылымды және білімді интеграциялау
  • Көрсетіліп отырған білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Кафедраның негізгі міндеттері

  • Оқытушылық, тәрбиелік, әдіснамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асыру
  • Қоғамның ғылыми-педагогикалық және жоғарғы кәсіпті, компетентті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыру
  • Білім берудің заманауи технологияларын, әдістері мен әдіснамаларының апробациясы және тәжірибеге енгізілуі
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
  • Денсаулық сақтаудағы қызметкерлерді дайындаудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерттеу және қолдану
  • Кәсіби-бағытталған тұлға қалыптастыратын жоғарғы сапалы білім алуға жағдай жасау
  • ҚР-ның және ҚазҰМУ-дың жастар саясатын іске асыру
  • Тұлғаның шығармашылық, психологиялық және физиологиялық қабілеттіліктерін дамыту, салауатты өмір салттың тұрақты құндылықтарын қалыптастыру
  • Студенттерді азаматтылық пен патриоттылыққа тәрбиелеу
  • Студенттерге мамандық бойынша жұмыс істеуге моральдық және психологиялық дайындығын қалыптастыру.
  • Оқу әдебиеттерін және оқу-әдістемелік құралдарды дайындау
  • Оқытушылық профессорлық құрамның ар намыс кодексінің қағидаларын сақтау
  • 3-тілдік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру

Кафедраның негізгі функциялары

  • Оқу-әдістемелік қызмет
  • Қоғамдық-тәрбие жұмысы
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы
  • Халықаралық ынтымақтастық қызметі

Кафедраның білім беру қызметі

Бакалавриат деңгейінде

  • «Жалпы медицина»
  • «Фармация»
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау»
  • «Медико-профилактикалық іс»
  • «Мейірбике ісі»

Магистратура деңгейінде

  • 6М110100 — Медицина
  • 6М110200 — Қоғамдық денсаулық сақтау
  • 6М110300 — Мейірбике ісі
  • 6М110400 — Фармация
  • 6М110500 — Медико-профилактикалық іс

PhD докторантура деңгейінде

  • 6D110200 — Қоғамдық денсаулық сақтау
  • 6D100100 — Медицина
  • 6D100400 — Фармация

Кафедрада келесі ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылды

  • «ҚазақстандағыЕгде жастағы тұлғалардыңбелсенді өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ететін қартаюға қарсы модельді (бағдарламаны) әзірлеу»(2010-2011 жылдар)»
  • Университет клиникалары шеңберінде орта медициналық қызметкерлерді дайындау үрдісін жетілдірудің ғылыми-негізделген әдістері
  • С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің клиникаларында мейірбике ісін жетілдіру
  • Халықтың денсаулық сақтау саласындағы біліктілігін зерттеу және арттыру арқылы адамдардың жүріс-тұрысын өзгертудің әдіснамалық тәсілі
  • Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін бағалаушы халықаралық технологиялардың адаптациясын ғылыми негіздеу және интеграцияланған медициналық көмек үлгісін жүзеге асыру (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің клиникаларының мысалында)

Кафедра профессорлық-оқытушылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

  • «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценті Абдукаюмова У.А. 2011 жылы «Үздік доцент» атанды
  • «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы 2013 жылы «Үздік кафедра» атанды
  • «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі Турдалиева Б.С. 2013 жылы «Үздік профессор» атанды
  • «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі Турдалиева Б.С. 2014 жылы «Үздік профессор» номинациясын жеңіп алды
  • «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценті Аимбетова Г.Е. «Үздік доцент» номинациясы бойынша 2 орын иемденді

Кафедраның қоғамдық қызметі

Кафедра белсенді түрде әлеуметтік қызметпен айналысады, университет, республика және халықаралық деңгейде көптеген семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізеді.

Жыл сайын кафедра қызметкерлері, Дәлелді медицина орталығы және Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қызметкерлерімен «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық Қысқы мектебін ұйымдастырады және өткізеді.

Магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар үшін кафедра қызметкерлері, Дәлелді медицина орталығы және Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қызметкерлерімен жыл сайын «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдаулы сұрақтары» тақырыбында Жазғы мектебін ұйымдастырады және өткізеді.

Кафедра «Визитинг профессорлар» бағдарламасы бойынша халықаралық семинарларды ұйымдастырады және өткізеді.

Біздің жетістіктеріміз

Кафедра университетте алғаш рет ұйымдастырды:

— Магистранттарға арналған халықаралық семинарлар;

— Қазақстан Республикасының және Қырғызстанның медициналық және медициналық емес университеттерінің студенттері үшін Қысқы мектепті;

— жас ғалымдары үшін Жазғы мектепті;

— Жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясын;

— Магистранттар мен PhD докторанттар үшін шетелдік жетекші университеттеріне тағылымдамаларды;

—PhD докторанттарын шығарды (барлығыБілім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің дипломдарын алды);

  • Кафедра қызметкерлері «Мейірбике ісі» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша білім беру комитеттерінің төрайымы болып табылады;
  • Кафедра меңгерушісі Турдалиева Ботагоз Саитовна, медицина ғылымдарының докторы, Профилактикалық медицина Академиясының академигі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы болып табылады;
  • Кафедра Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің ассоциациясының құрамына кірді (АSPHER);
  • Кафедра қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім дәне ғылым министрлігінің, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың мақтау қағаздарымен марапатталды.

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамы

Оқытушының аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
1 Турдалиева Ботагоз Саитовна Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. доцент
2 АимбетоваГульшара Ергазыевна доцент м.ғ.к.  
3 Алтынбекова Умитжан Асылбековна доцент м.ғ.к.  
4 Кошимбеков Мурат Кошимбекович доцент м.ғ.д. доцент
5 Кашафутдинова Гульжахан Темирбулатовна аға оқытушы PhD доктор  
6 Байсугурова Венера Юрьевна аға оқытушы PhD доктор  
7 Ивенченко Нелля Николаевна оқытушы м.ғ.к.  
8 Рамазанова Маншук Анеровна аға оқытушы    
9 Карибаева Индира Казбековна оқытушы PhD доктор  
10 Изекенова Айгульсум Кулынтаевна оқытушы PhD доктор  
11 Сагындыкова Зарина Равильевна оқытушы магистр  
12 Игисенова Альфия Имангалиевна оқытушы магистр  
13 Мендалиев Нурбол Асхатович оқытушы магистр  
14 Уразаева Улпан Амангельдиевна оқытушы    
15 Павлова Анастасия Петровна оқытушы магистр  
16 Аденова Арайлым Данияровна оқытушы магистр  
17 Сон ДинараАсановна оқытушы магистр  
18 Мартыкенова Дана Серикбаевна оқытушы магистр  
19 Джумагазиева Орынгул Дженисбековна оқытушы магистр  
20 Юсупова Наргиза Сайдахметовна оқытушы магистр  
21 Те Надежда Викторовна оқытушы магистр  
22 Мейрманова Жансая Мейрамовна оқытушы магистр  
23 Есенова Асель Исагуловна оқытушы магистр  
24 Касиева Балжан Серикбаевна оқытушы магистр  
25 Кайдаулов Мухтар Кенжебекович оқытушы магистр