«Діни экстремизм және терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24.04.2014 жылы «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының оқытушысы Токжанова Мадина Серикжанқызының ұйымдастыруымен «Жалпы гигиена және экология» кафедрасында «Діни экстремизм және  терроризм бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп» тақырыбында «жалпы медицина» мамандығының 13-020 тобының 1-курс студенттерінің арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде діни экстремизм мен терроризмді алдын алуға қатысты өзекті мәселелерді толықтай талқылау арқылы студенттердің діни жетекшілерін тандауда өте ұқыпты және зерек болулары қажеттілігіне назар аударуын және қандай сайттарды қолдану керектігі туралы нақты бағыт көрсетілді, біздің мемлекет ар-ождан, дәстүр, толеранттылық бостандығының қағидаларындағы ұстанымдар талқыланды, «Дінтану негіздері» бағытының қазіргі жастардың діни-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі баяндалды.