«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

12 ақпан 2014 жылы нутрициология кафедрасының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің ҚДС мамандығының 4 курс студенттері қатысумен білім сайысы өтті. Білім сайысының мақсаты: студенттердің когнитивті, коммуникативті, құқықтық, тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, шыңдау.

Білім сайысына 001-1қ, 001-2қ, 002-1қ топтарынан 3 команда шығып,

  1. «Нұрлы сүт» командасынан — Диханбаев А., Зиядан Г., Базет Ж., Төлеген А., Әлмұханова А.;
  2. «Соғым басы» командасынан – Нарбасова Б., Қасымова Г., Мұса А., Сейдуан Д., Қожан А.,
  3. «Майлы балық» командасынан – Нельсон М., Шөңгербаева А., Әліш А., Сәрсенбек Г., Шамғанова Г., қатысты.

Білім сайысына Алматы қаласының «Жас натуралистер» станциясының мүшелері 6-8 сынып мектеп оқушылары жетекшісі Нұргүл Сәлімбаевамен бірге тамашалауға арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Командалар ұраны, өздерінің аттарына сай сүт, ет, балық азықтарын жарнамалау, көріністер, аталмыш азықтардан пайдалы, тиімді ас мәзірлерін дайындаудан шебер-класс көрсетті. Сайыс арасында жанкүйерлер өнері тамашаланды. Сайыс барысын әділқазылар алқасы- нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С., оқу ісіне жауапты Сукенова Д.А., биолог Сәлімбаева Н. бағалады. Барлық командалар жоғары дайындықпен келгендіктерін байқатты. Әр сайыс түрлеріне аса шығармашылықпен қарап, өздерінің өлең шумақтарын жолдап, пайдалы тағамды насихаттауда және азық сапасының қауіпсіздігі жөнінде тиімді кеңестерін көрермендерге жеткізе білді. Әсіресе коммуникативтік ерекшелігімен «Майлы балық» тобы, құқықтық құзыретті игеруі мен тұтынушыларға пайдалы кеңестерді ролдік ойынмен «Нұрлы сүт» тобы, қазақтың тамақтану мәдениетінің тәрбиелік ерекше нұсқасын жеткізген «Соғым басы» топтары өздерін түрлі қырларымен бәсекеге қабілетті еліміздің білікті мамандары бола алатынын дәлелдей білді. Көрермен ретінде қатысқан мектеп оқушылары сайыстан алған әсерлерін ортаға салып, сайыстың ерекше әрі заманауи мәселелерді қозғағанын айтты. Сайыс соңында жоғары ұпаймен «Соғым басы» тобы озып шықты. Барлық сайыс қатысушылары мен жеңімпаздарға нутрициология кафедрасының 20 жылдығына орай өткізілген шараға белсенді атсалысқаны үшін «Алғыс хаттармен» марапатталып, сыйлықтар берілді.