Дөңгелек үстел бойынша есеп беру

Дөңгелек үстелге қатысқандар:

  1. Жакипбаева Б.Т. эпидемиология кафедрасының м.а., м.ғ.д.
  2. Амиреев С.А. эпидемиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д.
  3. Колосовская Е.Н. Санкт-Петербургтен келген ВП м.ғ.д., профессор
  4. Кусаинова А.Ж. эпидемиология кафедрасының оқытушысы
  5. Касымканова Л.С. эпидемиология кафедрасының магистранты
  6. Сейдуманов М.Т. бас дәрігер, м.ғ.к.
  7. Кадырбаев Р.В. бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары, м.ғ.д.
  8. Кулимбаева А.Б. бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары, м.ғ.к.
  9. Якубов А.М. хирургия меңгерушісі
  10. Алиев Р.А., ренимация бөлімінің меңгерушісі
  11. Хуров Т.И., урология бөлімінің дәрігер-ординаторы
  12. Митрякова Г.И., МІ бойынша бас дәрігердің орынбасары
  13. Мусаева Н.Н., дәрігер-эпидемиолог
  14. Скакова Р.С., гинекология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к.
  15. Рыскелдиева Ф.Ж., ИБ бойынша мейірбике

 

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасы ЖМКА (БСМП) Алматы қ. мамандарымен бірге медициналық көмек көрсетумен байланысты болатын инфекциялар мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің басты сұрағы әртүрлі ЕПМ-де емделіп жатқан науқастарға көрсетілетін емдік-диагностикалық үрдістің эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Осы шараны өткізуге эпидемиология кафедрасы шақырған визитинг-профессор ретінде Санкт-Петербургтен (РФ) келген м.ғ.д., профессор Колосовская Е.Н. байланысты болды. Визитинг-профессор бағдарламасы бойынша госпитальді эпидемиологиядан 3, 4, 5 курс студенттері, (мамандықтары Қоғамдық денсаулық сақтау, Жалпы медицина, МПІ) және Алматы қ. МСЭҚД мамандарына, госпитальды эпидемиологтарға арналған екі апталық шебер-класс өткізілді. Бұдан басқа, екі апта бойы Алматы қ. ЖМКА базасында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмысына ВП Колосовская Е.Н., эпидемиология кафедрасынада СҒЗЖ жетекшісі Кусаинова А.Ж., эпидемиология кафедрасының магистранты Касымканова Л.С. және СҒҮ қатысушылары (4, 5 курс ҚДС, МПІ студенттері) қатысты.

ҒЗЖ нәтижесінде ЖМКА-ң инфекциялық бақылау (ИБ) жүйесін бағалау бойынша алғашқы нәтижелер алынды. ҒЗЖ нәтижелері Алматы қ. ЖМКА-ң бас дәрігеріне және коллегиясына ғылыми-тәжірибелік жұмыс ретінде дөңгелек үстелде қарастырылды. Талқылау барысында әр жақ кез келген профиль және деңгейдегі емдік мекемелерде болатын медициналық көмек көрсетумен байланысты болатын инфекциялар мәселесімен бөлісті. Профессор Амиреев С.А. және визитинг-профессор Колосовская Е.Н. Алматы қ. ЖМКА мамандарын АІИ мәселесіне арналған ұлттық нұсқаулық жасауға, ҚР-да АІИ-ды регламенттейтін нормативті құжаттарды қайта қарауды, толықтыруды, денсаулық сақтау тәжірибесіне периоперациялық антибиотикопрофилактика хаттамасын енгізуге шақырды. Сонымен қатар, Колосовская Е.Н. АІИ-р мәселесі тек ҚР-да ғана емес, бүкіл әлем мәселесі екенін, РФ-да АІИ-ға жүргізілетін эпидемиологиялық қадағалау ерекшеліктерімен бөлісті. Бас дәрігер Сейдуманов М.Т. және ЖМКА коллегиясы өз ретінде бірлесе жұмыс істеуге ашық және дайын екендерін, сонымен қатар Колосовская Е.Н берген ұсыныстарды толығымен қабылдайтындықтарын жеткізді.