«Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс»

«Еңсесі  биік — Ұлы  Жеңіс»

«Нутрициология» кафедрасы мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің  «EIDOS» СҒҚ бірлесе Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойына арналған «Еңсесі  биік — Ұлы  Жеңіс»  атты  мерекелік  іс-шараны  ұйымдастырды.

2015 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында «Нутрициология»  кафедрасында «Еңсесі  биік – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету.

Мерекелік іс-шараны «Нутрициология» кафедрасының профессоры Алдашев   Ахмет Алдашұлы ашып берді. Сөз барысында Ұлы Отан соғысы миллиондаған  адамдардың өмірін алып кеткенін және Ұлы Жеңістің Қазақстаннан шыққан  қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен келгені туралы айтып өтті. Осы Ұлы  Отан соғысында құрбан болған жандар 1 минут үнсіздікпен еске алынды.  Мерекелік іс-шараның барысында оқытушы Нұржанова Қуаныш Сабыржанқызының «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының  4 курс  11-002-2  топ  студенттері  «Соғыс  қасіреті» көрінісін көрсетіп, өз өнерлерін  ортаға салды. Ары қарай Ұлы Отан соғысы және Кеңес Одағының батырлары жайлы  бейнематериалдар тамашаланды. Мерекелік іс-шараның соңына қарай  «Медициналық – профилактикалық іс» мамандығының 4 курс студенті   Мелдебекова Лаура «Әлия», «Атамекен» әндерін нақышына келтіріп орындап  шықты.

Соңғы қорытынды сөз «Нутрициология» кафедрасының доценті Хасенова  Гүлстан Хасенқызына берілді. Ия, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл,   Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге де  — 70  жыл! Бұл іс — шара студенттердің жүрегінде патриоттық сезімді жандырғаны сөзсіз.