Жалпы гигиена және экология кафедрасы

Эксперименталдық гигиена (кейінірек жалпы гигиена) кафедрасы ҚазҰМУ – дағы ең ескі кафедралардың бірі, ол 1930жылы ақпан айында ұйымдастырылды.

Эксперименталдық гигиена кафедрасының бірінші меңгерушісі болып Н.П.Кацва тағайындалды, 1931 жылдың желтоқсан айында №197 бұйрықпен Б.И.Ильин-Какуев кафедраны басқарушы болды. 1932 жылы биохимия кафедрасы ұйымдастырылды Б.И.Ильин-Какуев жаңа кафедраның басқарушысы лауазымына ауыстырылды. Кафедра меңгерушісі болып, Қазақстандағы санитарлық қызметті бірінші ұйымдастырушылардың бірі – Николай Николаевич Попов тағайындалды.

Кафедра құра және онда жүргізіліп жатқан гигиена саласындағы ғылыми зерттеулер Республикадағы барлық гигиена ғылымы даму алған негіз болды. Соғыстан кейінгі жылдарда кафедрадағы ғылыми зерттеулер бұдан бұрынғы кезеңде бастау алған негізгі бағыттар бойынша, атап айтқанда жаңа өнеркәсіп орталықтарын жоспарлау, ауыл гигиенасы бойынша жүргізілуі жалғаса берді. Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік ағынды суларын зерттеу жөнінде ірі зерттеулер жүргізілді. Бұл кезеңде кафедраны Алматы мемлекеттік медицина институтында 30 жылдан артық жұмыс істеген медицина ғылымдарының докторы, профессор ғылымға еңбегі сіңген қайраткер Иван Сергеевич Корякин (1948-1968жж) басқарды. Профессор И.С.Корякиннің басшылығымен жүргізілген көпжылдық зерттеулердің нәтижелері ол жарияланған 160 ғылыми еңбектерінде, оның ішіндегі монографияларда, 1 докторлық және 21 кандидаттық диссертацияларда көрсетілді.

1968 жылы кафедра меңгерушісі, профессор И.С.Корякиннің алғашқы аспиранттарының бірі – профессор Ф.А.Дауылбаев болды. Ф.А.Дауылбаев 200 – ден астам ғылыми жұмыстар жариялады. Оның басшылығымен 10-нан астам кадидаттық диссертациялар қорғалды, олардың материалдары кафедрада жүргізілген ғылыми зерттеулер болды. Мысалы, республикада әсіресе ауыл тұрғындары арасында ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту, асқазан-ішек ауруларының алдын алу тәсілдері дайындалды. Түсті металлургия кәсіпорындарында ағынды суларды заласыздандыру және пайдалану жөніндегі шараларды енгізудің тиімділігін бағалау жүргізілді.

1980 жылы жалпы гигиена кафедрасының жаңа меңгерушісі болып меддицина ғылымдарының докторы, профессор Қази Рахимжанович Амриннің келуімен кафедрада жаңа ғылыми –зерттеу бағыты дами бастады. Олар қоршаған ортаны қорғау, адамның тіршілік ететін ортасының сапасын және қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты ауруларды болжау, зиянды факторлардың әсеріне ағзаның жауап реакциясының маңыздылық дәрежесін бағалайтын көрсеткіштерді зерттеп дайындау мәселелеріне қатысты болды.

1994 жылы кафедра «Жалпы гигиена» және «Медициналық экология» болып екі кафедраға бөлінді, олардың әрқайсысына сәйкес медицина ғылымдарының докторлары М.А.Шортанбаева және М.Н.Омарова басқарды.

Жалпы гигиена және экология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор Кенесариев У.И.

1995 жылы бұл кафедралар «Медициналық экология» деп аталатын ғылыми мәселелік зертханамен бірлестірілген «Гигиена» ғылыми-оқу бірлестігіне біріктірілді. Оның меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның МҒА-ның корреспондент-мүшесі У.И.Кенесариев тағайындалды. 1999 жылы «гигиена» ҒӨБ жалпы гигиена және экология болып өзгертілді.

Профессор У.И.Кенесариевтің ҚР-дің медицина ғылымын ұйымдастыруда тәжірибесі мол: 1983-1989 жылдары ҚазКСР денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және ғылыми –техникалық басқарма бөлімін басқарды, одан кейін гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ-да ғылыми жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1995 жылы «Медициналық экология» деп аталатын ғылыми мәселелік зертхана ұйымдастырылды. Қазіргі кезде ол ҚазҰМУ-нің гигиеналық кафедраларының ғылыми мәселелік комиссиясының төрағасы, «Гигиена» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қоғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төраға орынбасары.

Жалпы гигиена және экология кафедрасы ұжымы

Профессор У.И.Кенесариев басшылығымен жүргізілген ғылыми зекрттеулер маңызды экологиялық мәселелерге – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың сенімділігін және гигиеналық тиімділігін арттыру, ҚР-ның экологиялық қолайсыз аймақтарындағы халық денсаулығы және аурулардың алдын алу мәселелеріне арналған.

«Халық денсаулығы» деп аталатын Ұлттық бағдарламаларға сәйкес кафедрада келесі ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды: «Шығыс Қазақстан облысының Большенарым, Котон-Қарағай, Күршім, Марқакөл аудандарындағы қоршаған орта және халық денсаулығы жағдайларын бағалау» (1995); «Қр Мұнайгазконденсат кен орындары орналасқан аймақтардағы адамның тіршілік ететін ортасы мен халықтың денсаулық жағдайын кешенді гигиеналық бағалау» (1997ж); «БҚО «Капустин-Яр» полигон жанасып жатқан аудандарды медициналық химиялық және радиологиялық зерттеу»(1997ж.); «Каспий теңізінің Қазақстандық акваториясындағы Шығыс Қашаған және батыс Қашаған алаңындағы жоспарланған барлаулық бұрғылау жүргізілетін аудандардағы физикалық факторлардың фондық деңгейлерін санитарлық-экологиялық сараптау нәтижелері туралы» (1998ж.); «Капутин –Яр» сынақ полигонына жанасып жатқан БҚО-ның қоршаған орта нысандары мен халықтың денсаулық жағдайын экологиялық-гигиеналық бағалау (1999ж.); «Қарашығанақ даму жобасына арналған санитарлық –қорғаныс зонасын ұйымдастыру жөніндегі жоспар шеңберінде қызмет көрсету туралы» (2001ж.); «Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнының санитарлық қорғаныс зонасы» (2002ж.); «Ең ауыр аурулардың диагнозын қою мен емдеудің жаңа әдістерінің ғылыми негіздерін дайындау, Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарында оларды анықтау» (2003-2005жж.); «Қарашығанақ мұнайгазконденсаткен орны аймақтарындағы қоршаған орта нысандарының сапасы мен тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау» ҚР ДМ тапсырысы бойынша (2007-2008жж.).

Бірнеше өзекті халықаралық жобалар мен бағдарламалар іске асырылды, атап айтқанда, тауды дамытудың Ортаазиялық жобасы (Швейцария), халықаралық бағыттағы данияның көпсалалы кеңес беретін компаниясымен бірге жасалған жоба, «Қоршаған орта – адам денсаулығы жобасы» (ЮСАИД), Қазақстан Республикасындағы БҰҰ өкілдігімен, «АДжип», «Бритиш газ», «Шеврон-Тексако», «Тенгиз — Шевройл», халықаралық мұнайгаз компанияларымен және американың «Артур Д. Литтл», «Харрикейн Ойл Продактс» экологиялық компанияларымен бірге жасалған жобалар іске асырылады.

Кафедра қызметкерлері Швейцарияда, Англияда, АҚШ-та, Мысырда, Ысрайлда, Италияда және ТМД елдерінде жасады және сынақ ісін өтті, үнемі барлық деңгейлердегі конференцияларға, сипозиумдарға, семинарларға сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейлердегі әртүрлі ұдайы әрекеттегі комитеттердің, кеңестердің, ассоциациялардың, академиялардың жұмысына (мүшелік) қатысады.

Кафедрада бағдарлама шеңберінде профессор У.И.Кенесариевтің жетекшілігімен 6 докторлық және 16 кандидаттық диссертациялар орындалды, қазіргі уақытта 1 докторлық және бірнеше кандидаттық диссертациялар дайындалып жатыр.

Кафедраның ғылыми жетістіктері оқу үрдісіне табысты енгізілді. Мысалы, Қазақстанда бірінші рет 2009 жылы профессор У.И.Кенесариевтің редакциясымен авторлар ұжымы республиканың медициналық ЖОО студенттеріне арналған «Гигиена» оқулығын орыс және қазақ тілдерінде жазып, баспадан шығарды. Бұл кітапты жазуда авторларадамның әртүрлі тіршілік саласындағы мәселелерге қатысты қазіргі кездегі гигиеналық мәліметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мәліметтерді де пайдаланды.

Профессор У.И.Кенесариев және кафедраның жетекші оқытушылары ҚР медициналық ЖОО –ның барлық факультеттеріне арналған «Жалпы гигиена», «Экология» пәндері, медико-профилактикалық факультетке арналған «Радиациялық гигиена» бойынша МЖМБС (2001,2003), типтік оқу бағдарламаларын дайындаушылар.

Қазақстан Республикасында кафедра қызметкерлері (авторлары Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Бекмағамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж. және басқалар медициналық ЖОО студенттеріне арналған (2009 жылы орыс тілінде, 2010 жылы қазақ тілінде) оқулық шығарды. Бұл оқулықта адамның денсаулығын сақтау және нығайту және аурудың алдын алу үшін қазіргі кезеңде гигиена ғылымы мен практикасы шешетін негізгі мәселелер жазылған.

Кафедраның профессорлар – оқытушылар құрамы ҚазҰМУ-дың студенттерін тәрбиелеу жұмысына белсенді қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастырылған. Кафедрадағы СҒҮ-нің мүшелері бірнеше рет студенттердің ғылыми конференциясының ғылым күнінің 3-ші турына ұсынылды, және дипломдармен, мақтау қағаздарымен, құнды жүлделермен марапатталды. (студенттер Сайфуллина И., Шаимова С., Мамыркулов М. Және басқалар).

2009 жылы кафедра университеттің ЖІК-мен бірге Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 20-жылдығына арналған конференция ұйымдастырды және өткізді, мұнда әртүрлі факультеттердің студенттері баяндама жасады. Конференцияға шақырылған ҚазҰМУ-нің тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің бастығы, профессор Ж.Г.Мустафина, РЭС-тің «Радиациялық гигиена» бөлімінің меңгерушісі м.ғ.к. Н.Б. Қожахметов, ҚазҰМУ-нің бірнеше кафедраларының оқытушылары қатысты.

Кафедраның ПОҚ-ы медико-профилактикалық факультетінің 1 курс студенттеріне тәлімгер, оларға көп тәрбие жұмысын жүргізеді (театрларға, мұражайларға бару, тақырыптарға пікірталастар, сұхбаттар дөңгелек столдар өткізеді, балалар үйіне, университеттің еңбек ардагерлерінің үйлеріне барады, халықаралық және ұлттық мейрамдарды тойлауға және басқаларға қатысады).

Мерейтойлық 2010 жылы кафедраның қызметкерлері беделді марапаттармен марапатталды:

1. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Кенесариев У.И. – ҚР Үкіметінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

2. М.ғ.д., профессор Жакашов Н.Ж. – ҚазҰМУ-нің күміс медалімен;

3. М.ғ.к., доцент Балмахаева Р.М. – ҚазҰМУ-нің құрмет мадақтамасымен;

4. М.ғ.к., доцент Жоламанов М.Е. – ҚазҰМУ-нің құрмет мадақтамасымен;

5. Аға оқытушы Алимова Н.Е. – ҚазҰМУ-нің құрмет мадақтамасымен;

6. М.ғ.к., доцент Джуланова К.Н. – ҚазҰМУ-нің алғысымен;

7. М.ғ.к., доцент Анамбаева А.И. – ҚазҰМУ-нің алғысымен;

8. М.ғ.к., доцент Амрин М.К. – ҚазҰМУ-нің алғысымен.

2011 жылдың 16,17 және 18 наурыз күндері Жалпы гигиена және экология кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Адам экологиясы, қоршаған орта гигиенасы және денсаулыққа қауіп-қатерлерді бағалау мәселелері»атты халықаралық оқыту семинары болып өтті.

Семинарда Ресей Федерациясының жетекші ғалым-гигиенистері дәрістерін ұсынды:

РМҒА академигі Рахманин Ю.А. – РФ-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің А.Н.Сысин атындағы Адам экологиясы және қоршаған орта гигиенасы ҒЗИ ФМБМ-нің директоры

Профессор Авалиани С.Л. – РФ-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі Ресейдің дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясының ГОУ ДПО коммуналды гигиена кафедрасының меңгерушісі және қауіп-қатерді бағалау жөніндегі мекеменің жетекшісі.

Семинарға ҚазҰМУ оқытушылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ғылыми зерттеу институттары, медициналық ЖОО өкілдері, практикалық санитар дәрігерлер және жобалық мекемелердің қызметкерлері, магистранттар қатысты.

Семинарға қатысушылар бекітті:

  • Республикадағы өткізілетін, тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсерін алдын алу жөніндегі жұмыстарды;
  • Бұл зерттеулерді әртүрлі саладағы мамандардың қатысуымен дамыту орындылығын;
  • Семинарға қатысушылар тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау мамандандырылған зертханасын ашу және кейінгі істің лицензиясы мен зертхана аккредитациясын С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ негізінде ұсынуды орынды санайды.

ҚазҰМУ ғылыми кеңесі шешімімен (хаттама № 7, 29.03. 2011ж.) Жалпы гигиена және экология кафедрасында тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мамандандырылған лабораториясы алда өңделетін өңделген ережелерімен мақұлданды.

Тұрғындар денсаулығына қауіп қатерді бағалау әдістемесі жаңа, жас әрі барлық елде қарқынды дамып келе жатқан пәнаралық ғылыми бағыт болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында күрделі экологиялық жағдай қалыптасқан.Бірақ республикада аталған бағыт бойынша ғылыми жұмыстар өте аз.

Осы негізде 07.04.11 ж. — 27.04.11ж. аралығында ҚазҰМУ қызметкерлері ГОУ ДПО «Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім беру академиясы» коммуналды гигиена кафедрасында «Тұрғындар денсаулығына кауіп қатерді бағалау және әлеуметтік –гигиеналық мониторинг» циклі бойынша 108 сағат көлемінде пәндік жетілдіруден өтті.

Біліктілікті арттыру туралы күәлік. Мәскеу қ.
Мәскеу қаласы. Семинарға қатысушылар (лектор профессор Авалиани С.Л., доцент Беспалько Л.Г және курсанттар).
ҚазҰМУ қызметкерлері семинарда. Мәскеу қаласы.

30.04.11 ж. — 07.05.11 ж. аралығында жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, профессор Кенесариев У.И. Малага қаласында (Коста дел Соль, Испания) өзекті заманауи медицина мәселелеріне арналған «Здоровье семьи – ХХІ век» халықаралық XV мерейтой ғылыми конференциясында қатысты, мұнда

— ҚазҰМУ атынан сәлемдеме сөз сөйледі және мекен жай құжатын ұсынды;

— «ҚР мұнай-газ аймақтарнда қоршаған орта ластануын азайтудағы іс-шаралар тиімділігін бағалау» атты тақырыпта презентация жасады;

— Конференцияның пленарлық сессиясында төрағалық етті;

— «Экологиялық қолайсыз аймақтардағы тұрғындар денсаулығына қауіп қатерді гигиеналық бағалау» атты жарялымға берді;

— ««Здоровье семьи – ХХІ век» XV халықаралық ғылыми конференциясы» жұмыстары жинағының Редакциялық коллегиясының мүшесі болды;

— Конференцияға қатысқаны туралы сертификат алды.

Конференция жұмысы Малага қаласы (Коста дел Соль, Испания).
Профессор Кенесариев У.И. докладпен алға шығуы.

«Ұлы жеңістің 66 жылдығы» және «Қазақстандағы репрессия жылдарындағы құрбан болған саяси тұлғаларды еске алу»

2011 жылдың мамыр айының 14-ші жұлдызы Д.Ж.Асвалл атындағы аудиторияда ҚазҰМУ ның профессоры Джуланова Күләш Нұрмұхамбетовна басқаруымен, «жалпы гигиена және экология» кафедрасымен, «эпидемиология» кафедрасы мен студенттік басқару ұйымы, жалпы медицина факультетінің 08-317 топ және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1 курс 10-003 топ студентттерінің қатысуымен Ұлы Жеңістің 66 жылдығына және Қазақстандағы репрессия жылдарында құрбан болған саяситұлғаларды еске алу кеші өткізілді. Кешке Б.Момышұлының орталығының өкілі палковник Калестратов Владимир Сергеевич шақырылды, сонымен қатар ол кісі 9-шы мамырға арналған ыстық лебізін жеткізді.

Кеш 2 бөлімнен тұрады: 1 бөлім: «Ұлы Жеңіс күнінің 66 жылдығына» , 2 бөлім : «Репрессия жылдарындағы құрбан болған» саяси тұлғаларға арналады. Кешті жалпы медицина факультетінің 08-317 топ студенттері Лайсханов Уәлихан Құдайбергенұлы мен Оспанова Балжан Аманжолқызы жүргізді. жалпы медицина факультетінің 08-317 топ студенттері мен стоматалогия факультетінің 2 курс студенттері,- батырларымыз Б.Момышұлы, М.Маметова, Т.Бигелдинов, М.Ғабдуллин туралы баяндамаларын оқыды. Ол кісілердің соғыс жылдарында ерлік көрсеткені жадымызда мәңгілікке өшпек емес екенін, батырларымыздың есімдерін көкке көтеріп, мақтан тұту біздің парыз екенін және ол кісілердің есімін атаған әрбір жанның мақтаныш сезімі кернейтіні сөзсіз.

Сонымен қатар 317 топтың қыздары соғыс жылдарында айтылған «Катюша» әнін шырқады, қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенті Лұқпанова Аселдің орындауында тамаша термелерді және де жалпы медицина факультетінің 319 топ студенті Рай Әдемі «Адай» күйін орындады.

Кешіміздің екінші бөлімі «Репрессияға ұшыраған тұлғаларға» орындалы. Бұл бөлімде репрессия жылдары, отызыншы жылдардағы қоғамдық саяси ой туралы баяндамалар оқылды.

Карлаг, Узлаг, АЛЖИР мен Чисрде бар,

Бұл лагерде ұлтшыл емес ұлтжандылар,

Түзелсін деп, қателіксіз қамалғандар,

Қазақ үшін үш бәйтерек жоғалғандар!

Жүз десе Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыстар!

Ел десе естен кетпес бес арыстар!

Озбырлықпен аққа қара жабылғандар!

Ұрпағың бар ақтығыңды ақтап алар!

дегендей, 1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «Халық жаулары деп айыпталып, Сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап, аяусыз өлтірілді және Коммунистік билік кезінде репрессия шеңберіне іліккен миллионға жуық адам Карлагтың тозағын басынан өткерді» — баяндамада репрессия жылдары толық қамтылды.

Бұл кеште тек қана өтіп кеткен соғыс қана емес қазіргі АҚШтың Әлемді Билеу саясаты да айтылып өтті.Жалпы медицина факультетінің 08-009 топ студенті Пирматов Равшанның «Ирактағы Американ терроризмі» тақырыбында және Рахимов Беріктің «Американский Терроризм в Японии» тақырыбындағы баяндамасы асқан шеберлікпен суреттелді.

Сонымен, «Ұлы жеңістің 66 жылдығына» және «Репрессия құрбандарына» арналған:

Жек көріп біз соғысты,

Тыныштықты тілейміз!

Бақыты үшін қазақтың

Бар күшпенен білейміз! – деп кешті аяқтады.

Кештің соңында ҚазҰМУ профессоры Джуланова Күләш Нұрмұханбетовна мен 08-317 топ студенттері, стоматология факультетінің студенттері М.Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып қайтты.

Дауренбаева Самал

Абилдаева Адия

Лайсханов Уәлихан

Қызыр Алмагүл

Жалпы медицина факультетінің студенттері

2011 жылдың 14 мамырында

құрбандар

Жалпы тәрбие жұмысын идеологиялық басқару негізінде Өмір аллеясы жалпы гигиена және экология кафедрасына тапсырылған. Кафедра оқытушылары студенттермен бірге «Өмір аллеясымен» танысып, тұрғындар денсаулығындағы нанның маңызы туралы әңгіме жүргізеді.

Есеп

2011 жылы қазан айында ғылыми зерттеу инновациялық консорциум (келісім-шарт № 33.10.1125.10.2011ж) құрылды. Осы консорциум құрамына Университет-С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Компания- СШЖ «Кенесары компаниясы» кіреді.

Медициналық ғылымның дамуының ұзақ уақыттық жалпы мақсатын басшылыққа ала отырып, Университет және Компания ғылыми-зерттеу инновациялық консорциумын құрайды. Бұнда, екі жақ та интеллектуальды, еңбек, материалдық-техникалық және басқа да қорлар нақты келісім-шартта көрсетілгендей мақсаты, міндеттері, іс шаралардың бағытын іске асыру барысында біріге отырып жұмыс істейді.

Қолға алынған іс-шараларды бірігіп атқаруда екі жақ нақты келісім-шартттың талаптарына сәйкес өз үлестерін қосады:

Компания:

— шет ел компанияларының «Аджип-Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Карачиганак Петролеум Оперейтинг», «Тенгизшевройл», «Оффшор Казахстан Оперейтинг Интернешнл» тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын орындау үшін Университеттің ғылыми-педагогикалық қорын қосымша ақылы түрде, келісім-шарт негізінде:

-Консорциум атынан шет ел компанияларымен келісім-шартқа отыру;

-Шет ел компанияларымен біріге отырып жасалған қорытынды есептердің аяқталуы кезінде консорциум атынан қол қою;

Университет:

— ҒБМ, Денсаулық министрлігі өз есептерінде және одан да басқа жоғары тұрған органдар шет ел компанияларының «Аджип-Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Карачаганак Петролеум Оперейтинг», «Тенгизшевройл», «Оффшор Казахстан Оперейтинг Интернешнл» тапсырысы бойынша Консорциумның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін көрсетеді.

— Жалпы гигиена және экология кафедрасында Консорциумның жұмысы мен біріккен жобалары үшін базасын ұсынады.

Осымен жалпы гигиена және экология кафедрасы Консорциум жұмыстарының базасы болып табылады.

«Кенесары» компаниясының мамандандыру халықаралық бағыттағы медико-экологиялық сала болып табылады. Компания жеке тапсырыс берушілер мен келісім-шарт негізінде мемлекеттік секторлардың тәуелсіз ғылыми-зерттеу мен сараптамалық қызметін көрсету барысында көпжылдық тәжірибесі бар. Компания Қазақстан Республикасындағы жекеше және мемлекеттік мекемелер, ҚР БҰҰ өкілдері, мұнай-газ өндіретін компаниялар мен басқа да халықаралық ұйымдардың тапсырыстары бойынша жобаларға сараптама қорытындысының көптеген саны берілді.

«Кенесары» компаниясының қоршаған орта нысандарының (ауа, су, топырақ, өсімдік, тағам өнімдері) сапасын бағалауда, тұрғындардың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық зерттеу (аурушаңдылық, туушылдық, өлімшілдік, халықтың өсімі мен миграциясы), тұрғындарға тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізу, денсаулық сақтау мен тұрғындардың басты әлеуметтік жағдайларын зерттеу, тамақтану статусын бағалау және рационалдау бойынша ұсыныстар тағайындау, заңды және нормативтік құжаттар мен регламенттерді (Сан ЕменҚ, өндіріс нысандарының санитарлық паспорттары, санитарлық күзет зоналары) дайындауда тәжірибесі мол. Сонымен қатар, экологиялық зардап шеккен тұрғындарға жеңілдіктерді алып беру және материалдық өтем ақыны төлеу бойынша ҚР Парламенті мен Министрлер кабинетіне ұсыныстар дайындайды. Компанияның штаттық құрамы ҚР медициналық экология аумағында жұмыс істеген жетекші мамандардан тұрады. «Кенесары» компаниясы Карачаганак Петролеум оперейтинг», «Аджип ККО», ТОО «Тенгизшевройл», «Оффшор Казахстан Интернэшнл Оперейтинг», «Парсонс Флуор Даниел» компанияларымен ғылыми-зерттеу және сараптама жұмыстарын іске асырады.

«Кенесары» компаниясы жекеше және мемлекеттік секторлар үшін келісім-шарт негізінде мынадай қызметтер көрсетеді:

— экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау;

Өндірістік кәсіпорындары орналасқан тұрғындардың денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау;

— жекелеген өндірістердегі жұмысшылардың денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау;

— ұйымдастырылған топтардың (мектеп оқушылары, техникум, жоғары оқу орындарының студенттері) денсаулық жағдайларын гигиеналық бағалау;

— қоршаған орта нысандарын (ауа, су, топырақ, ауыл- шаруашылық өнімдері) гигиеналық бағалау;

— қоршаған орта нысандары ауыр металлдармен, мұнай өнімдерімен ластануы мүмкін аймақтардағы гигиеналық жағдайды зерттеу.;

— қоршаған ортада зиянды заттардың құрамы бойынша: ШРЕК, ЗШАҚД және т.б. гигиеналық регламенттер (нормативтер) дайындау

— өндіріс нысандары бойынша санитарлық паспорт тағайындау;

— өнідірістік кәсіпорындардың санитарлық күзет зоналарын анықтау және түзету;

-еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және жекелеген кәсіпорындар мен өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен еңбек жағдайын гигиеналық бағалау;

-санитарлық ережелер, СанЕменҚ, өндірістік кәсіпорындар, қоршаған орта нысандары, елді мекендерге қатысты барлық сұрақтар бойынша әдістемелік нұсқауларды тағайындау;

— жоба алдындағы құжаттарды тәуелсіз санитарлық-гигиеналық сараптау;

— өндіріс кәсіпорындарын тәуелсіз санитарлық-гигиеналық сараптау;

— өндіріс кәсіпорындарындағы жаңа технологиялық үрдістерді тәуелсіз санитарлық- гигиеналық сараптау;

— өндірістік кәсіпорындарда технологиялық үрдістерді модернизациялаудың тәуелсіз санитарлық-гигиеналық сараптау;

— өндірістік кәсіпорындарында жұыс істейтін жұмысшылардың еңбегі мен демалыс тәртіптерін тағайындау;

— өндірістік кәсіпорындарында жұмыс орындарын аттестациялау;

— өндірісте қолданылатын жаңа химиялық реагенттерді санитарлық-токсикологиялық сараптау.

Консорциум құрамына кірген ЖШС «Кенесары Компаниясы», қазіргі уақытта «Қарашығанақ петролеум оперейтинг (КПО) Б.В.» ЖШС тапсырысы бойынша Қарашығанақ мұнай газ кен орнының санитарлық күзет зонасын тағайындау бойынша зерттеулер жүргізуде. Осы жұмыс 2013 жылдың аяғына дейін жүргізіледі.

2011 жылдың жазында жалпы гигиена және экология кафедрасының қызметкерлері (Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен аумағының есептеме санитарлық-күзет зонасы» жобасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Бурлы ауданында орналасқан Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен аймағында қоршаған орта жағдайы және тұрғындар денсаулығы бойынша материал жинау мақсатында барып келді. Ғылыми-зерттеу экспедициясының көмегімен 2008-201 жж аралығындағы ҚМГКК жақын жатқан 10 елді мекендердің (Березовка, Приуральное, Жарсуат, Димитрово, Жаңаталап, Бестау, Қарашығанақ, Каракемир, Успенка елді мекендері және Аксай қаласы) сумен қамтамасыз етілуі мен қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық сипаты бойынша жаңа мәліметтер жиналды. Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатер факторларын бағалауды жүргізу үшін ЖШС «КПО Б.В» өндірістік кешенінен атмосфералық ауаға тасталатын шығарындылардың есептелетін санитарлық күзет зонасын орнату үшін барлық ластаушы заттар бойынша материалдар жиналды, 2011-2015 жж шығарындылардың шекті рұқсат етілген деңгейлері жобасының мәліметтері қарастырылды.

Жиналған материалдар негізінде ЖШС «КПО Б.В» өндіріс нысанының айналасындағы атмосфералық ауаның химиялық ластануының тұрғындар денсаулығына қауіп-қатері есептелді.

2008-2010 жылдар аралығында тұрғындардың денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша және ҚМГККО жақын орналасқан 10 елді мекендердегі тұрғындардың денсаулық жағдайлары бойынша материалдар жинақталды.

Демографиялық көрсеткіштер (тұрғындардың жыныстық құрылымы, туушылдығы, өлімшілдігі, табиғи өсімі, сәбилер өлімі), елді мекендердегі тұрғындардың медициналық мекемелерге өздері келіп қаралулары бойынша тіркелген біріншілік ауру жағдайлары, соның ішінде қатерлі ісіктер, қан және қан жасаушы мүшелердің аурулары, тыныс алу мен қан айналым жүйелерінің біріншілік ауруларына талдау жүргізілді.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері 2 есепте келтірілген:

  • Атмосфералық ауаның химиялық факторларымен ластануы бойынша тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау.
  • Қарашығанақ кен орнына жақын жатқан 10 елді мекендердің (Березовка, Приуральное, Жарсуат, Димитрово, Жанаталап, Бестау, Карачаганак, Каракемир, Успенка және Аксай қаласы) денсаулық жағдайын бағалау;

Осы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 2 магистрлік диссертацияның жұмысы бастау алды:

  • «Мониторинг качества объектов окружающей среды и здоровья населения региона Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения» (Балабекова Ж.Ж.).
  • «Мұнайгаз конденсат кең орнының санитарлық қорғау зонасының шекарасын бекітуде химиялық факторлардың тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау әдістемесін қолдануы (ҚМГККО мысалда)» (Кенесарина М.И.).

«Аджип-Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» тапсырысы бойынша екі нысанға санитарлық-гигиеналық паспорттар тағайындалды және оларға Атырау облысы бойынша ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы алынды:

  • Атырау облысы, Қаработан елді мекені, Самал вахталық елді мекен РТО Harris Statex Eclipce E300 ETSI байланыс жүйесін орналастыру бойынша есептеу материалдарына Оң нәтижелі санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № 452 13.10.2011 ж берілді.
  • Атырау облысы Қаработан елді мекені Отындық газ-3 РТО Harris Statex Eclipce E300 ETSI орналастыру бойынша материалдарына оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.

Кафедра профессорларын шақырту.

«Жалпы гигиена және экология» кафедрасында «020 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша мамандар дайындау және оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету» ҚР ҒБМ бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар атқарылуда. Яғни, осыған байланысты 2011 жылдың қараша мен желтоқсан айларында шебер-кластарын өткізу үшін шет ел мамандарын шақыртуда.

  1. Перевалов Александр Яковлевич — медицина ғылымының докторы, профессор, РАЕН академигі, Пермь қаласының мемлекеттік медициналық академиясының тағамтану және Бмен ЖӨ кафедрасының меңгерушісі, «Орал тағамтану аймақтық орталығы» бас директоры. «Адам денсаулығы үшін алиментарлы текті қауіп-қатерлер» аумағындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша белгілі.
  2. Майкл С. Броди – экология бойынша PhD докторы, АҚШ қоршаған ортаны қорғау агентігінің аға ғалым экологы. «Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау» және экология аумағында атақты еңбектерімен белгілі.
  3. Голуб Александр – математикалық экономикалық аумақта PhD докторы, АҚШ SRI климат аймағындағы энергетикалық нарық және саясаттың, жаһандық экологиялық нарық бөлімшесінің орындаушы директоры. «Климат және денсаулық» және «Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді басқару» аумағында қол жеткізген жетістіктерімен белгілі.

ЖАЛПЫ ГИГЕНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Қазіргі уақытта м.ғ.д., профессор Ү.И. Кенесариев Ресей және Европа ЖҒА мүшесі болды, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚР білім саласындағы құрметті жұмысшы», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі» төс белгілерінің иегері, ЕЖҒА Н.И.Пирогов ордені, И.П.Павлов атындағы РЖҒА күміс медалімен марапатталды. «Денсаулық сақтау мен медицинаның дамуындағы үлесі» және «2013 жылы ҚР ЖОО Үздік оқытушысы» дәрежелерін алды. ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

ҚазҰМУ – дағы ең ескі кафедралардың бірі. Ол 1932 жылы ақпан айында ұйымдастырылды. Алғашқы меңгерушілердің бірі болып Қазақстандағы санитарлық қызметті бірінші ұйымдастырушылардың бірі – Николай Николаевич Попов тағайындалды. 1932 және 1948 жылдар аралығында басқарды.

Кафедраны 1948-1968 жылдар аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор ғылымға еңбегі сіңген қайраткер Иван Сергеевич Корякин басқарды. Профессор И.С.Корякиннің басшылығымен жаңа өндіріс орталықтарын жоспарлау, ауыл гигиенасы жұмыстары жүргізілді.

1968-1980 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі, профессор Ф.А.Дауылбаев болды. Оның басшылығымен республикада әсіресе ауыл тұрғындары арасында ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту, асқазан-ішек ауруларының алдын алу тәсілдері дайындалды. Түсті металлургия кәсіпорындарында ағынды суларды заласыздандыру және пайдалану жөніндегі шараларды енгізудің тиімділігін бағалау жүргізілді.

1980 жылы Жалпы гигиена кафедрасының жаңа меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Қази Рахимжанович Амриннің келуімен кафедрада жаңа ғылыми –зерттеу бағыты дами бастады.

1995 жылы бұл кафедралар «Медициналық экология» деп аталатын ғылыми мәселелік зертханамен бірлестірілген «Гигиена» ғылыми-оқу бірлестігіне біріктірілді. Оның меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның МҒА-ның корреспондент-мүшесі У.И.Кенесариев тағайындалды. 1999 жылы «Гигиена» ҒӨБ жалпы гигиена және экология болып өзгертілді.

Профессор Ү.И.Кенесариев басшылығымен жүргізілген ғылыми зерттеулер маңызды экологиялық мәселелерге арналған. Бірнеше өзекті халықаралық жобалар мен бағдарламалар іске асырылды, атап айтқанда, тауды дамытудың Ортаазиялық жобасы (Швейцария), халықаралық бағыттағы данияның көпсалалы кеңес беретін компаниясымен бірге жасалған жоба, «Қоршаған орта – адам денсаулығы жобасы» (ЮСАИД), Қазақстан Республикасындағы БҰҰ өкілдігімен, «Аджип», «Бритиш газ», «Шеврон-Тексако», «Тенгиз — Шевройл», халықаралық мұнайгаз компанияларымен және американың «Артур Д. Литтл», «Харрикейн Ойл Продактс» экологиялық компанияларымен бірге жасалған жобалар іске асырылды.

Профессор Ү.И.Кенесариев 300 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 6 монография, 7 оқулық. Оларға 16 құқықтық нормативтік актілер жасалынды. Кафедраның бағдарлама шеңберінде профессор У.И.Кенесариевтің жетекшілігімен 6 доктор және 30 кандидат және 4 магистр тағайындалды. 2011 жылы Ү.И.Кенесариевтің басшылығымен құрылған Тұрғындар денсаулығының қауіп қатерін бағалау лабораториясы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бір жүйесі Химиялық заттардың қауіп қатерін бағалаудың мүшесі болып бекітілді.

Кафедра қызметкерлері Швейцарияда, Англияда, АҚШ-та, Мысырда, Ысрайлда, Италияда және ТМД елдерінде жасады және сынақ ісін өтті, үнемі барлық деңгейлердегі конференцияларға, сипозиумдарға, семинарларға сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейлердегі әртүрлі ұдайы әрекеттегі комитеттердің, кеңестердің, ассоциациялардың, академиялардың жұмысына (мүшелік) қатысады.

Кафедрада «Қоршаған орта және халық денсаулығы» бағыты дамуда.

Презентация каф ОГ иЭ каз 2016