Коммуналдық гигиена және Балалалар мен жасөсспірімдер гигиенасы кафедрасында өткен шаралар

24-қаңтар күні Коммуналдық гигиена және Балалалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасында «Гендерлік саясат. Әйелдер теңсіздігі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Пікірталас күйінде өткен сағаттың мақсаты Гендерлік саясаттың мына қоғам өміріндегі маңызы, әйелдер теңсіздігі,  нәзік жандылардың билікке араласуы туралы студенттер көзқарасын анықтау болды. Тәрбие сағатына доценттер: Джуланова К.Н., Ілиясова А.Д.,  Текманова А.Қ., оқытушы Айтамбаева Л.Н.    және  Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 4-курс 402-1,2,  408-2, 410-1,2қ  топ студенттері қатысты. Студенттер екі топқа бөліініп пікір таластырды.

Әйел —    ана,   әйел —  адал жар, әйел- тәрбие көзі,  өйел – балалар панасы, әйел – отбасы  шамшырағы, әйел – шаңырақтың діңгегі, десек те әйел- саясаткер, әйел- билеуші, әйел – көшбасшы да бола алатынын білдік.

Ал 25-қаңтар күні осы кафедраның ұйымдастыруымен, куратор доцент, ҚазҰМУ профессоры Джуланова К.Н. жетекшілігімен № 15 облыстық мектеп-интернатқа бардық. Оқушыларға денсаулықты ныығайту,  медицина туралы түсінік қалыптастыру,  салауатты өмір салтын  сақтау мақсатында кішігірім концерттік бағдарлама қойдық. Бесбаев Қ. «Атмоссфера», Мейірбекова Ф. «Елдімекеннің атмосфералық ластануы»,  Мамырова Д. «Әртүрлі ағзалардың туберкулезі»,  Кажданбек А. «ЖИТС» тақырыбында  баяндама оқыса, Булякбаева Г. М.Мақаатаевтың  «Бақыт» өлеңін оқыды, Исакова А. «ЖИТС» тақырыбында видеоролик көрсетті. Коммуналдық гигиена пәнін оқу барысында тек қана білім нәрімен сусындап ғана қоймай, сана-сезімімізді жан-жақты дамытатын тәрбие, өнеге үйрендік.

 

Доцент, ҚазҰМУ профессоры Джуланова К.Н.

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 4-курс, 410-1тобы  студенті Булякбаева Г.А.