ЛИТВАДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценттері Айтманбетова А.А. және Кожекенова Ж.А. Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» стипендиаттары атанып, 2012 жылдың 4 қарашасынан 6 желтоқсаны аралығында Литваның Каунас қаласында орналасқан Литва денсаулық ғылымдары университетінде (ЛДҒУ) ғылыми-педагогикалық тағылымдама өтті.

Тағылымдама жөніндегі есеп берудің қысқаша сипатын ұсынамыз.

ЛДҒУ білім беру сферасында батыс және дүние жүзінің көптеген елдерінің сенімді серіктесі екендігінің мысалы ретінде студенттер мен оқытушылардың бесенді академиялық мобильдігі растайды.

ЛДҒУ негізгі құрылымдық бөлімдеріне медициналық және ветеринарлық академиялар жатады. Болашақ мамандарды даярлау бағдарламасы 14 студия курстар және 24 студия бағдарламаларды біріктіреді де, оларды университеттің 24 кафедрасы, 40 клиникалық базасы және 6 институт жүзеге асырады. Медициналық академияның бес факультеті бар: медициналық, фармацевтикалық, одонтологиялық, қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі.

2011 жылдың аяғында сәйкес факультеттерде келесі студенттер саны тіркелген; медициналық — 2000, фармацевтикалық — 700, одонтологиялық — 800, қоғамдық денсаулық сақтау – 341 және мейірбике ісінде – 500 студент. Басқа 1200 студент ветеринарлық академияның екі факультетінің түрлі мамандықтарына оқуда.

Резидентура барлық академиялық құрамның 14% алып, 1010 резидентті оқытса, докторантура 3% бөлігін құрап, докторанттар саны 220 жетеді. Медициналық академияның базалық пәндерін оқыту университет аудиторияларынан басқа, оқу-лабораторлық корпустар мен оқу-практикалық кешендерде өткізіледі. Клиникалық пәндер университеттің клиникалық ауруханасы және филиалдарында базалық негізделген.

Қорытынды емтиханмен аяқталатын циклды сабақтар медициналық, одонтологиялық және мейірбике ісі факультетінің 1 курстары үшін типтік болып табылады. Фармацевтикалық факультетке арналған семестрлік сабақтар семестр бойында жүргізіліп, ал қорытынды бағасы сессияда қойылады. Логикалық ойлап кәсіби шешім қабылдай білетін болашақ мамандарды қалыптастыру мақсатында медициналық факультеттің 2 курсынан бастап қойылатын проблемалық сабақтардың мәні ерекше.

ЛДҒУ оқытудың кредиттік технологиясына 2011 жылдың қыркүйегінен бастап көшкен.

Практикалық сабақтарға келетін топтардағы студенттер саны 10-14 аралығында. Дәрістік аудиторияларда 50-100 студентке дейін болса, медициналық факультеттің үлкен ағымдарында 300-ге жетеді.

Практикалық сабақтарда сәйкес пән бойынша жаңа жобаның негізі қаланады. Жалпы жоба СӨЖ бөлінген уақытта орындалады. ОСӨЖ ұғымы тіпті жоқ.

Стандарттық академиялық курстардан басқа медицинская академияда жұмыс жасайтын студенттер үшін қарастырылған созылмалы курсатар бар. Егер бакалавр дәрежесіне оқу 3,5 жылдан 4 жылға дейін болса, созылмалы курстар үшін оқу бағдарламасы 6 жылға есептелген. Сәйкесінше 1,5-2 жылдық түрлі мамандықтар үшін магистратура 3 жылға дейін ұзартылған.

Автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы барлығын қамтушы ЛДҒУ ақпарттық ресурстары жүйесі аса айтарлық. Жүйе университеттің өзара байланысты бөлімдері мен құрылымдық бірліктерінің міндеттерін, функциялары мен жұмыс нәтижелерін электрондық форматқа ауыстырып, сол арқылы жалпы жұмыстың орындалуын жеңілдетіп, әрекеттің кез-келген сатысында кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Бірінші аптаның жұмасында университет өмірінің маңызды сұрақтары талданатын университет Сенатының мәжілісіне қатыстық. Сенат күн тәртібінде тақырыптық мамандандырылуға келген қазақстандық топ-денсаулық сақтау қызметкерлеріне сертификат тапсыру қарастырылған. Литвалықтардың қонақжайлығы ЛДҒУ қабырғасында жүрген барлық қазақстандықтарды банкеттік қарсы алу және құттықтаумен де көрінді (фоторепортаж).

Екінші аптада ЛДҒУ клиникасындағы сапа менеджменті жүйесі туралы дәріс алдық. СМЖ Литва ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің муниципальдық және мемлекеттік деңгейлерінде бірдей жүргізіледі. Каунаста республикалық маңыздағы екі клиника бар: университеттік клиника (құрамында 4 аурухана) және Каунас республикалық ауруханасы.

Келесі апта Қоғамдық денсаулық орталығына арналды. Бұл реструктуризацияланып, құзыреті қайта қаралған бұрынғы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. Тамақтану гигиенасы бөлімінің бақылау-қадағалау функциясының ветеринарлық қызметке беріліп, қалған санитарлық-гигиеналық бөлімдер қызметі бақылаудағы нысандарға тек кеңес беру көмегімен шектелетінін ескерсек, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің берілген құрылымында, біздің көзқарасымыз бойынша, қаламайтын өзгерістер болғандығы хақ.

Сценарий бойынша, төртінші аптаның басында, оқытушылардың толымды құрамы жиналған тұста біз қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін ақпараттық-анықтамалық және аналитикалық мәліметтерді фотодиаграммаларда демонстрациялай отырып, презентация жасадық.

Осы соңғы аптада біз профессор Жильвинас Падайга басқаратын профилактикалық медицина кафедрасының ғылыми-педагогикалық жұмысымен толығымен таныстық. Сабақтар негізгі дәріскердің немесе қосымша көмекшілерді шақыртумен кейінгі дискуссиялық талдау жасайтын дәрістер түрінде құрылды. Кафедрада оқытылатын пәндердің құрылым, сипатымен, оқыту үлгісі және әдістеріне назар салдық. Кафедраның көптеген теориялық пәндері кафедра базасындағы ғылыми-зерттеу институты арқасында тәжірибелік негіз алады. Аталмыш институттың БДСҰ масштабына дейін халықаралық жобалар орындау тәжірибесі бар.

Тағылымдама бағдарламасын тамамдау алдында біздің назарымызға «Муниципальдық деңгейде қоғамдық денсаулықтың ғылыми негізделген көмек көрсету үлгісі» ұсынылды. Бұл үлгіден біз Литва қоғамдық денсаулық сақтауына қатысты барлық сұрақтарымызға жауап таптық.

Тағылымдама бағдарламасына қызықты қосымша болып қалаға, астанасы Вильнюске және Паланга, Клайпеда, Тракаи, Нида, Балтық теңізінің жағалауы сияқты Литваның қонақжай орындарына экскурсия табылды.

Демалыс күндерін пайдаланып Францияда (Париж), Швецияда (Стокгольм) және Латвияда (Рига) болу мүмкіндігі туды. Бұл естен кетпес әсерлер тек қызықтау ғана емес, сонымен қатар шетелдік тәжірибе материалы болып сақталады.