Литвалық денсаулық ғылымы университетінің мейірбикелік іс жөнінің деканы профессор Юрате Мацияускененің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында дәрісі өтті.

25-ші қараша мен 7-ші желтоқсан күндері аралығында Литвалық университеттің мейірбикелік ісінің деканы, профессор Юрате Мацияускене қоғамдық денсаулық сақтау  кафедрасында болды.

Профессор мейірбикелік іс факультетінің студенттеріне«мейірбикелік істің менеджменті» тақырыбында сабақ жүргізді.

Профессордың келуі Университет Күнімен тура келіп, »Литвадағы мейірбикелік істің ұйымдастырылуы мен саясаты: Европалық контекст, халықаралық тәжірибе» тақырыбында екі дөңгелек үстелде баяндама оқыды.

Осы күндер аралығында Юрате Мацияускенемен алдағы қызметтестік, шетелдік ғылыми журналдарға бірігіп мақала жариялау жайлы сұрақтар қарастырылды және дипломдық жұмыс пен магистірлік дисертация тақырыбында консультациялар жүргізілді.

SAMSUNG CAMERA PICTURES SAMSUNG CAMERA PICTURES SAMSUNG CAMERA PICTURES SAMSUNG CAMERA PICTURES