ЛУНЗ

Литва Республикасының денсаулық ғылымдар университетінің делегациясының мамандары-халықаралық ынтымақтастық орталығының деканы профессор Жильвинас Падайга, доктор Саулюс Янонис және Кястутис Рункяле өзінің визитін аяқтады. Екі аптаның ішінде 2012 жылдың 22 қазаннан бастап 3 қарашаға дейін Литва Республикасының денсаулық ғылымдар университетінің мамандары «Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері» жөнінде дәрістерді оқып семинарлар жүргізді; кафедра оқытушыларына консультациялар мен семинарлар жүргізілді; Құрылған Евразиялық денсаулық сақтау саласын инновациялық жолмен жетілдіру орталығының (ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешімі  28 маусым 2012 ж., хаттама №11) щеңберінде, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. Жақында Кястутис Рункяле Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының денсаулық ғылымдар университетінің тұрақты өкілі болып, ресми түрде бекітілді (ынтымақтастық жайында сұрақтарыңыз болса, «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасына жолығыңыз).  Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценттері А.А. Айтманбетова және Ж.А. Кожекенова, 6 қараша 2012 жылы, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы арқылы, Литва Республикасының денсаулық ғылымдар университетіне бір айға білімін жетілдіруге аттанды.