«Медициналық- профилактикалық іс»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық  музейінде  Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Президентінің құрметіне көрме ұйымдастырылды. Осы көрмеге «Медициналық- профилактикалық іс» мамандығының 1 курс  12-002 қазақ тобының студенттері жалпы гигиена және экология кафедрасының аға оқытушысы Бегимбетова Г.А. және студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту басқармасының   өкілдерімен бірге барды.  Көрмеде cтуденттер  Тұңғыш Президентіміздің балалық шағы, жас өспірім шағы, отбасы жағдайы және жеткен жетістіктерімен танысып шықты.