«Әкімшілік құқықбұзушылық» ашық дәріс өткізілді

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеінің№7 жатақханасында 2016 жылы 8 сәуір күні шетел студенттеріне «Әкімшілік құқықбұзушылық» тақырыбына Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаменті,Шетел студенттері факультеті, Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулі және тьюторлар қатысуымен ашық дәріс өткізілді. Іс – шараның тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, шетел студенттері соның ішінде үндістерге жатақхананың әкімшілік –шаруашылық бөлімі және (Алматы қаласының ІІД көші –қон полициясы қызметкерлерінен, кафедра/модул оқытушылары) тарапынан көптеген ескертулер болды.

Іс – шара жай ғана дәріс болмау үшін ұйымдастырушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін осы іс – шараға шақыру керек деп шешті.

Бұл кездесуге Алматы қаласы медеу ауданының ІІБ-ның полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанты Касымакын Алмас Ахметович жәнеполиция лейтенанттары Казбеков Адилет Айдарович, Оразалиев Серик Жумагалиевич келді.

Іс – шараны Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің директоры Шыңғысбаев Л.С. шетел студентеріне құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің сапасын көтеру қажеттілігін, дәрістің мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша айтып іс – шараны ашып берді.

Іс – шараның модераторлары сөз кезегін Шетел студенттері факультеті деканының орынбасары Дад Мохаммадқа берді. Ол өз сөзінде шақырушы елдің заңдарын құрметтеу және орындау керектігі жөнінде айтты.

Полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанты Касымакын Алмас Ахметович және полиция лейтенанттары Казбеков Адилет Айдарович, Оразалиев Серик Жумагалиевич өз баяндамаларында Алматы қаласы және аудандары бойынша әкімшілік құқықбұзушылық статистикасын келтірді. Студенттер Үндістан және Қазақстан Республикасының көші-қон саясатына бойынша сұрақтар қойды.

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінің оқытушысы Ильясов Н. Е, «Әкімшілік құқықбұзушылық» тақырыбына баяндама жасады.

Оқытушы өз презентациясында әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі, белгілері және құрамын ашып түсіндірді.

Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінің оқытушысы Байтекова Қ.Ж., «Әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауапкершілік түрлері» тақырыбында баяндама оқып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіндегі баптарға тоқталып өтті.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша аға тьютор, Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулі оқытушысы А.Б. Отарбаева іс-шараның маңызыдылығы және алдын алу мақсаты туралы атап өтіп қорытындылады.

Шетел студенттері ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтты. Сондай-ақ аударма жасағаны үшін ЖМ 15-037 тобының студенті Аукенов Райымбек, Жартаул Салтанат және ЖМ 15-016 тобының студенті Толеубек Жасұланға алғыс айтты.

Құрметпен, іс-шара ұйымдастырушылар:

  1. Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаменті;
  2. Шетел студентері факультеті
  3. Шетел студентері факультеті тьюторлары
  4. Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінің оқытушылары

«Әкімшілік құқықбұзушылық» тақырыбына ашық дәріс