«Мейрімді істер эстафетасы» бағдарламаның шеңберіндегі шаралар

2014 жылы 06 қаңтарда қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің   5 курс кураторлық топ студенттерімен бірге «Мейрімді істер эстафетасы» бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының саясаты жүзеге асыру мақсатында  Түріксіб ауданындағы  № 74 орта мектепке дәріс оқыды.

Дәріс тақырыптары мектеп әкімшілігінің сұранысымен дайындалды:

1) «Жеке гигиена және оны ұйымдастыру ережелері» – лекторлар: 502-1 топ студенттері және куратор, оқытушы Абиырова Н.Б. Оқушылар «жеке гигиена» және «денсаулық» түсініктері, олардың бір-бірімен байланысы, жеке гигиенаны сақтау әдістері мен құралдарымен танысты.

2) «Туберкулез мәселесі» – лекторлар: 503-2 топ топ студенттері және куратор аға оқытушы Абдразакова С.У. Оқушылар Қазақстандағы туберкулез аурушылдық жағдайы туралы, ауруды дамытатын жайттар туралы, аурудың клиникалық көрінісі, алдын алу шаралары туралы мәліметтерді тыңдады

3) «Жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу» – лекторлар: 501-1 топ студенттері және куратор, аға оқытушы Дармен Н.Ж. Мектеп оқушылары жасөспірімдік шақтағы қаланбаған жүктіліктің, түсіктің салдарымен танысты және қаланбаған жүктіліктен  сақтану жолдары туралы маңызды, қажетті мәліметтер алды. Дәрісте 60 жуық 8-ші және 9-шы сыныптары үшін оқушылар қатысты.

Әрбір дәрістің соңында оқушыларға тақырыптық видеофильмдер көрсетілді және лекторлар аудиторияны қызықтырған сауалдарына жауап берді.

Соңында оқылған дәрістердің сапасын бағалау мақсатында оқушылар арасында анонимді түрде сауалнама жүргізілді.

Мектеп әкімшілігінің атынан  мектеп директоры  Алтынова М.Ш. жасалған жұмыстар бойынша алғыс айтты.