«Мейірбике ісі» мамандығының бірінші түлектерімен кездесу жөнінде

2014 жылы 10 қазанында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Мейірбике ісі» мамандығының  2011 жыл түлектерімен болашақ бітіруші  4- курс студенттері арасында кездесу өткізілді. Кафедра меңгерушісі, профессор М.А Камалиев кездесуді ашып, сөз сөйледі: «Студенттер сіздер бізге көбінде жұмысқа орналасу, карьера, перспектива сұрақтармен келесіздер. Сіздердің сұрақтарыңызға нақты әрі шынайы жауап беру үшін, аз уақыт ішінде көп нәрсеге қол жеткізген, өздерінің қоғамдағы және медицина саласында беделі бар түлектерді шақырдық. Танысыңыздар: Әшірбекова Ақжарқын Құрбанбекқызы – Алматы қаласы № 17 емхананың бас мейірбикесі; Павлова Анастасия Петрқызы — «Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының мұғалімі, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Ж.Б.Б.Қ төрайымы, Касиева Балжан Серікбайқызы — «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 2-курс магистранты. Сұрақтарға  берілган жауаптардың жалпы көрінісі:

Павлова А.П: «2011 жыл мен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалаврды бітіргеннен кейін «Мейірбике ісі» бойынша магистратураға түстім, бітіргеннен кейін ҚазҰМУ «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасында мұғалімдік жұмыс атқарамын. Барлық оқу-үрдістік процесс осы бағытта жүргізілді, педагогикалық жол мен үшін ары қарай дамуымен осы саладағы маман иесі болуыма көмектесті. Мейірбике ісі бойынша  жалпы білім беру программасының төрайымы ол менің басты жұмысым. Жоғары білімді мейірбике ісі мамандығы сұранысқа ие. Біз қатардағы мейірбике болып саналмаймыз, біз мейірбикелік құрамды басқарушылармыз. Мамандықтардың білім беру бағдарламалары қазіргі уақытта толыққанды және мамандыққа сай түлектердің жұмысқа орналасуын қайта қарап жаңартуда. Сіздер мен біздің күш жігерімізбен осы мамандықты жоғарғы деңгейге, орта медициналық персоналдың қоғамдық денсаулық сақтауда жан-жақты, білімді, қажетті маман иелері болуына,дәрігердің көмекшісі ғана емес науқасқа қажетті деңгейде көмек көрсете алу деңгейіне көтеруіміз керек.

Касиева Б.С  «Мейірбике ісі» мамандығының барлық бакалавр түлектері магистратураға  түсу үшін конкурсқа қатыса алады. Магистратураны бітіргеннен кейін «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша магистр дипломы берілді. Магитратураға түсу үшін ағылшын тілін жетік білу және мамандық бойынша тест тапсырады. Магистратурада оқу 2-жылға созылады. 1- курста магистр диссертация тақырыбы беріледі, оқу аяқталғанда қорғалады. Студенттерге сабақ беру  мүмкіндігі бар, магистратура бағыты ғылыми педогогикалық бағыт болып саналады.

Аширбекова А.К., Студент: «Сіз осындай уақыт аралығында Бас мейірбике деңгейіне қалай қол жеткіздіңіз?» Жауап берді: «Бәрі өздеріңізге байланысты, өздеріңізді көрсетулеріңізге байланысты. Дипломды ала салысымен, мен бірден маман сертификатын алуға құжаттар тапсырдым. Содан кейін №17 емханада учкаскелік мейірбике қызметін атқардым. 3 айдан кейін мені терапия бөлімшесінің бас мейірбикесі қызметіне тағайындады. Мен әрқашан барлық конференцияларға қатыстым, мақалалар жаздым.  Бір жылдан кейін мені емхананың бас мейірбикесі қылып тағайындады. Практикалық жұмыстағы жалақы сіздің жұмыс істегендігіңізге, учаскеңізді білгендігіңізге байланысты. СКПН және психо-эмоциональды төлемдер бар. Бір айлық жалақысы 90 мың теңгеге жететін мейірбикелер бар. Біздің емханада пилотты бағдарламамен жұмыс істейді: дәрігерге дейінгі көмекті мейірбикелер көрсететін кабинеттер аштық, сонымен қатар біз емхана жұмыс уақытындағы шақыртуларға бару фельдшерлер тобын ұйымдастыру ойымызда бар.

Кездесу өте қызықты өтті. Студенттер барлық сұрақтарына жауап алып, кафедраға және қонақтарға осындай кездесуді ұйымдастырғанына алғыс білдірді.

20141010_100721 20141010_100644 20141010_100622 20141010_100613