Нутрициология кафедрасы

Тағамтану кафедрасы 1993 жылдың 23 қазанында шыққан ҚР ДМ №446 бұйрығының және 1993 жылғы 16 қарашада өткен ҚазҰМУ –нің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде 1994 жылы 1 қыркүйектен бастап құрылды.

Тағамтану кафедрасы емдеу, бала емдеу, медикалық-профилактикалық факультеттерінің студенттерін «емдәммен емдеу» және «тағам гигиенасы» пәндерінен дайындау және болағақ мамандарда нутрициология саласындағы сауаттығын қалыптастыру үшін 1994 жылы құрылды.

Нутрициология кафедрасының ұжымы кең таралған тағами заттектердің жеткіліксіздігін алдын алу және нутрициология обласында жүргізіліп жатқан фундаменталды және қолданбалы медикалық-биологиялық зерттеулерге; тағам өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге арналған санитарлық нормаларды және стандарттарды өндеуге; салауатты нутрициология насихаттауды жетілдіруге; тағам гигиенасы дәне емдәммен емдеу мәселелері бойынша мамандармен дәрігерлерді дайындауға; халықтың әр-түрлі топтарының нутрициологияын тиімділеуге әдістемелік және кеңестік көмек көрсету.

ҚҰМУ Ғылыми кеңесінің шешімі (26.01.2010 ж., №5 хаттама) бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегінде «тағамтану» кафедрасы жаңа «нутрициология» кафедрасы деп қайта аталды.

Миссиясы

Барлық факультеттерде оқитын студенттерге емдәммен емдеудің негіздерін және салауатты нутрициологиядың принциптерін үйрету. Қазақ нутрициология академиясының базасында қоғамдық денсаулық сақтаудың ең түйінді мәселелерін анықтауға қатысу, олардың оңтайлы шешімін белгілі әкімшілік құрылымдарға ұсыну, Қазақстанда ауқатқа тәуелді ауруларды алдын алуға және халықтың нутрициологияын тиімділеуге іс-әрекеттің жоспарын өнедеп шығаруға қатысу.

Болашақты болжауы

Тағатану кафедрасының жұмысы болашаққа бағытталған, онда С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әр түлегі рационалды (тиімді) нутрициологияды қолдану арқылы, адамдардың денсаулығы қолайлы болуға жағдай жасайды.

Нутрициология кафедрасы өзінің болжауына жету үшін келесі принциптермен бағыттарды ұстанады:

  • Студенттердің тағам гигиенасы және әртүрлі ауруларда емдәммен емдеудің әдістемелік негіздері бойынша білімдерін нығайту.
  • Нутрициологиядың жалпыұлттық проблемаларын өңдеу және жарыққа шығару, сонымен қатар халықтын сезімтал топтарына фокусты бағыттау.
  • Барлық діндерде, ұлттарға, нәсілдерге жататын адамдарымен жұмыс істеу.
  • нутрициология сұрақтарына және тағам өнімдеріне қатысты адам құқықтарын мойындауға және орындауға өзінің іс- әрекеттін негіздеу.

Нутрициология кафедрасы қызметкерлерінің тізімі

Фамилиясы, аты, тегі Лауазымы
1 Шарманов Торегелды Шарманович Академик ҰҒА және РМҒА
2 Алдашев Ахмет Алдашевич м.ғ.д., профессор
3 Кайнарбаева Майгуль Сейдуллаевна кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к.,
4 Хасенова Гулистан Хасеновна доцент, м.ғ.к
5 Чуенбекова Ардак Байбараковна доцент м.ғ.к
6 Быкыбаева Салима Ахметризаевна доцент м.ғ.к
7 Кожахметова Айгуль Нагашбековна аға оқытушы
8 Ушанская Елена Юрьевна доцент м.ғ.к
9 Бердыгалиев Айдар Болатович доцент м.ғ.к
10 Сукенова Динара Асыкбаевна оқытушы
11 Таракова Гаухар Ануаровна оқытушы
12 Бакирова Макпал Аяткуловна оқытушы
13 Нуржанова Куаныш Сабыржановна оқытушы
14 Аллиярова Светлана Тилепбергеновна оқытушы
15 Батагоева Замира Жамалбековна оқытушы
16 Карагизова Асима Балтабековна оқытушы
17 Сержанова Гульзира Назаровна аға лаборант
18 Ергешбаева Раушан Богдановна лаборант
19 Курманова Салима Абильдиновна лаборант

1 2

Нутрициология кафедрасының ұжымы

Кафедраның тарихы

Тағамтану кафедрасы 1993 жылдың 23 қазанында шыққан ҚР ДМ №446 бұйрығының және 1993 жылғы 16 қарашада өткен ҚазҰМУ –нің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде 1994 жылы 1 қыркүйектен бастап құрылды.

ҚҰМУ Ғылыми кеңесінің шешімі (26.01.2010 ж., №5 хаттама) бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегінде «тағамтану» кафедрасы жаңа «нутрициология» кафедрасы деп қайта аталды.

Нутрициология каферасының ұйымдастырушысы әлемге белгілі ғалым – Қазақ нутрициология академиясының президенті академик Т.Ш. Шарманов.

Қазақ ұлттық медициналық университетінің нутрициология кафедрасы Совет Одағының және ТМД елдерінің медициналық жоғарғы оқу орындарының тарихында тұнғыш рет ашылды. Жалпы тәжірибеде жұмыс істейтін дәрігерлерге емшекпен емізудің, нутрициологияның, диетологияның, тағам гигиенасының түйінді мәселелерін оқыту үшін Республиканың барлық медициналық университеттерінде кафедралар құрылуына зор үлесін қосқан академик Т.Ш. Шарманов.

Кафедра 1994 жылы ашылғанынан бастап оқу процессін ұйымдастыруға м.ғ.к., доцент М.А. Ахметов тағайындалды.

1995 жылдан 1999 жылға дейін нутрициология кафедрасының тұнғыш профессоры З.К. Қонақбаева болды, осы кезенде кафедрада м.ғ.д., проф. Саулебекова М.С., м.ғ.к. доц. К.М..Мендыгалиева қызмет істеді. Тағам гигиенасын бірінші рет бастап оқытқан ассистент М.В. Ли, ал балалардың нутрициологияы бойынша сабақты Г.У. Имакова жүргізді. 2005-2013 жж. аралығында кафедрада оқу ісінің меңгерушісі міндетін м.ғ.к., доцент Бужикеева А.Б. атқарды.

Кафедрада медикалық – профилактикалық факультеттің студенттеріне «Тағам гигиенасы» пәні оқытылады.

ГОСО РК 3.08.388- 2006 сәйкес кафедрада 051102 — «Қоғамдық денсаулық сақтау», 051301 – «Жалпы медицина», 051101 – «Мейірбике ісі» және т.б. мамандықтары бойынша студенттер оқытылады. 2010 жылдан бастап «Нутрициология» пәні бойынша онкология, урология, акушерлік-гинекология, психиатрия, аллергология және клиникалық иммунология, кардио-ревматология, хирургия, педиатрия, фтизиатрия, дерматовенерология мамандықтарының резиденттері дайындалады.

Кафедра негізгі профилі бойынша медициналық-профилатикалық факультеттің кафераларының тізіміне кіреді.

Бірінші күнінен бастап конкурстық әдіс арқылы қазақ және орыс тілдерін білетін оқытушылар жұмысқа шақырылды. Нутрициология кафедрасында қазіргі кезде келесі ғалымдармен оқытушылар жемісті жұмыс істеп жүр: м.ғ.д., профессор А.А.Алдашев, доценттер: М.С.Қайнарбаева, С.А.Быкыбаева, Г.Х.Хасенова, А.Б.Чуенбекова, Е.Ю. Ушанская, А.Б.Бердыгалиев, аға оқытушы А.Н.Қожахметова, оқытушы Қ.С.Нұржанова. Магистратурада білім алумен қатар, кафедрада қосымша оқытушы міндетін Д.А.Сукенова, Г.А.Таракова және М.А.Бакирова жақсы атқаруда. Кафедра потенциалы З.Ж.Батагоева, А.Б.Карагизова, Г.Н.Сержанова, Ергешбаева Р.Б. секілді сенімді қызметкерлермен толықтырылды.

Медициналық білім беру сапасын және ғылымды дамыту мақсатымен ҚҰМУ және Қазақ тағамтану академиясы инновациялық – білім беру консорциумын құрастырды, соған сәйкес шартқа отырған жақтар өздерінің интелектуалдық, еңбектік, материалдық –техникалық және басқа да ресурстарды біріктіріп, медициналық білімдердің сапасын жетілдіру, ғылыммен тәжірибені біріктіру мақсатына жету үшін бірге жұмыс істеуге келісті.

Нутрициология кафедрасының оқу базасы академик Т.Ш. Шарманов басқаратын Қазақ нутрициология академиясында орналасқан. Кафедра қазіргі кездегі оқу-әдістемелік нұскаулармен, компьютерлік құралдармен және оқу процессіне арналған техника мен жабдықталынған.

Кафедра құрметті меңгерушісінің қысқаша өмірбаяны

3

Шарманов Төрегелді

Шарманов Төрегелді Шарманұлы медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медициналық ғылымдар академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының академигі, Профилактикалық медицина академиясының академигі, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сараптаушылар комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ғылым» номинацисында «Платиналы Тарлан» тәуелсіз премияның лауреаты, Леон Бернард атындағы ДДҰ премиясының лауреаты. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі.

Төрегелді Шарман ұлы Шарманов 1930 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысының Ұлытау ауылында туылды. 1949 жылы орта мектепті бітіргенінен кейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне емдеу факультетіне оқуға түсіп оны үздік бітірді. 1955 ж. 1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде фармакология кафедрасында аспирантурада оқыты.

1958-1962 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

1961 жылы Т.Ш. Шарманов «Қанға синтомицин мен лефомицетіннің әсерін эксперименталды зерттеу материалы» тақырыбына медицина ғылымы кандидаты атағына диссертацияны қорғады.

1962 жылдан 1968 жылдары Қаз ССО денсаулық сақтау министрлігінің Аймақтық патология ҒЗИ бөлімін басқарды. «Қазақстанда С гиповитаминозы және оның бруцеллезде иммундық биологиялық әсері» тақырыбына медицина ғылымының докторы дәрежесіне диссертацияны қорғағанан кейін 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институттың ректоры болып, және фармакология кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Осы қызметтерді ол 1971 жылға дейін атқарды.

1971-1982 жылдары Қаз ССО денсаулық сақтау министірі болып жұмыс істеді.

1973 жылдан 1984 жылға дейін Медициналық ғылым академиясының нутрициология институтының жаңа дан ашылған Қазақстандағы филиалын басқарды.

1985-1988 жылдары ССОР денсаулық сақтау министрлігінің Орталық дәрігерлер тәжірибесін жетілдіру институтының нутрициология кафедрасын, Нутрициология институттың клиникалық витаминология зертханасын басқарды.

1988 жылдан бастап ССОР МҒА Нутрициология институтының директоры (қазіргі кезе Қазақ нутрициология академиясының президентті).

Қазіргі кезде Қазақ нутрициология академиясы Орталық Азияда нутрициологиядың гигиенасы, биохимиясы, иммунологиясы айналысатын мәселелердің кешенді зерттеу орталығы.

Т . Ш . Шарманов, зат алмасуында нутриенттер аралығындағы әрекеттестіктер, нутрициология фармакологиясы және иммунологиясы, ұлттық өнімдерін қолдануымен емдәммен емдеу сияқты жаңа және фундаменталды ғылыми бағыттарды құрастырды. Т. Шарманов алғашқы медициналық – санитариялық көмек көрсетуге арналған ДДҰ және ЮНИСЕФ-тің Алматы қаласында өткен Тарихи халықаралық конференциясының ұйытқысы және ұйымдастырушысы. Сол конференцияны ұйымдастыру кезінде әлемнің денсаулық сақтау тағдырына әсер ететін форумын қамтамасыз етуде ол мақсатына ұмтылушылық, мол ұйымдастырушылық қабілеттілікті көрсетті. Конференция кезінде Алматылық Декларация қабылданды, ол қазіргі күнге дейін әлемдік денсаулық сақтауды негіздеуші құжат болып таблады. 2005 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнайы сессиясында Т.Ш. Шармановқа халықаралық әлемдік денсаулық сақтау ісіне қосқан орасан зор үлесі үшін Л. Бернард атындағы премия тағайындалды, ол премиямен әлемде 41 адам ғана марапатталған.

Шарманов Т. Ш. ТМД және ҚР министрліктері және ведомстваларымен және әлемге танымалы халықаралық ұйымдардың техникалық және қаражаттық сүйеімен жүретін темір тапшылық анемияны, йод тапшылық, витамин А тапшылығы жағдайды жою, биологиялық белсенді үстемелердің медициналық-биологиялық қасиеттерін анықтау, емшекпен емізуді қолдау, халықтың әр түрлі топтарына арналған негізігі тағами заттектерге және энергия қажеттілігінің нормаларын анықтауға арналған халықаралық ғылыми — зерттеу жобалардың жетекшісі.

Т.Ш. Шармановтың жетекшілігімен ТМД елдерінде аналогтары жоқ балар тағамдарын өндіретін ««Қазақ тағамтану академиясының «Амиран»» заводы салынды, оның тәуліктік қуаттылығы 15 тонна дайын өнімін құрастырады. Сонымен қатар денсаулық сақтау тәжірибесіне балалар тамақтануына арналған жаңа өнімдер еңгізілді.

Қазақ нутрициология академиясы Т.Ш. Шармановтың іс әрекетті арқасында 1979 жылдан бастап нутрициологияға қатысты Халықаралық орталық ресми статусына және ДДҰ қызметтес статусына ие болды, 1996 жылдан — ООН университетімен ынтымақтас орталық атын, 1998 ж.- ЮНИСЕФ-тің негізгі мекемесі атын алды, 1999 жылдан – нутрициология бойынша Дүние жүзілік ғылыми кеңестің қауымдастырылған мүшесі.

Шарманов Т. Ш. — «Нутрициологиядың мәселелері» (Мәскеу қ.) ғылыми – тәжірибелік журналдың редакциялық кеңесінің мүшесі, ҚР ҰҒА төралқа мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті, Балалар нутрициологияының қазақ қорының президенті, РК үкіметіндегі Жоғары ғылыми — техникалық комиссиясының мүшесі, биохимиктердің, гастроэнтренологтердің, нутрициологтардың, аллергологтердің және иммунологтердің, гигиенисттердің, терапевттердің Республикалық ғылыми қоғамдарының мүшесі.

Оның басшылығымен ТМД аймағында аналогтері жоқ Балалр нутрициология орталығы ұйымдастырылды, денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа балаларға және емдік — профилактикалық тамақтануға арналған өнімдер енгізілген.

Оның басшылығымен 40 докторлық және 135 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Т. Ш. Шарманов 460 аса публикациялардың авторы, соның ішінде 38 монография және 40 тәжірибеге еңгізу.

Т. Ш. Шарманов (1976 ж.) Қазан революциясы, Халық достығы (1980 ж.) орденімен, Парасат (1996 ж.), медальдермен марапатталған. 2007 жылы ҚР балалардың жағдайын және олардың құқығын қорғауға аса үлес қосқаны үшін БҰҰ Балалар қорының медалімен марапатталған. 2001 жылдан Т. Ш. Шарманов “ҚР нутрициология ғылымының фундаменталды және қолданбалы аспектілерінің өңдеуі” жұмыстары циклы үшін ғылым және техника облысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауретты атағын алды (1974- 2000 жж.). 2001 жылдан РК еңбегі сіңген қайраткері.

Жанұясы: ұлы Алмас, медицина ғылымының докторы, Джонс Хопкинс атындағы университеттің профессоры (АҚШ), келіні Дана – дәрігер-гинеколог. Ол үш немерелердің атасы: Алуа, Мэриленд университетін бітірді (АҚШ), Торехан –21 жаста және Аскар -19 жаста.

Негізгі жетістіктері – ДДҰ нутрициология сараптау комитеттінің мүшесін, ДДҰ және ЮНИСЕФ Алматылық конференциясының ұйымдастырушысы (г . Алма — Ата, 1978 г.); «Қазақстан Республикасының нутрициологиядың ұлттық саясаты» авторы (1996).

Негізгі еңбектері: «Медициналық — демографиялық зерттеу 1995», Калвертон, АҚШ, 1996; «Медициналық — демографиялық зерттеу 1999», Калвертон, АҚШ, 1999; «Қазақстан нутрициологиядың глобальды проблемаларының контекстінде», Алматы, 2000; «Халық нутрициологияын жағдайын жалпыұлттық зерттеу», Алматы, 2001; «Долгое восхождение к праву на здоровье», Алматы, «Атамура», 1998; «Мировое здравоохранение до и после Великой Алма-Атинской конференции», Алматы — Вашингтон — Женева, 2003.; «Әлемдік денсаулық сақтау ісінің Ұлы хартиясы» деп таныған ДДҰ/БҰҰБҚ-ның 1978 жылғы Алматы конференциясының 30-жылдығына арналады (ағылшын, қазақ, француз, испан тілдерінде). «О роли, дефиците и профилактике важнейших микронутриентов», Алматы 2009 ж.

Кафедраның ғылыми зерттеу жумысы

Нутрициология кафедрасының алғашқы ғылыми приоритеті ретінде халықтың әр түрлі топтарына арналған энергияға және негізгі тағами заттарға физиологиялық қажеттіліктерді дәлелдеу, зат алмасуда нутриенттердің арақатынасын зерттеу, эндогенді гипо және авитаминоздардың концепциялары, сыртқы ортаның қолайсыз факторларының теріс әсерлері, арнайы тағам өнімдерін құрастыру сияқты іргелі зерттеулер жүргізілді.

Нутрициология кафедрасы ұжымының білімі ғылыми-тәжірибелік жұмыстар кезінде әсіресе, әртүрлі ірі халық аралық бағдарламалар өткізу кезінде іске асады. Нутрициология кафедрасының жұмысшылары ЮНИСЕФ, ВОЗ, ПРООН, ЮСАИД, «Макро Интернешнл Инк» Уэллстарт ұйымдарының техникалық және қаржылық қолдауымен жүретін көптеген халықаралық ғылыми – зерттеу жобаларына қатысады. Сол жобалар экспресс-әдістер қолдану арқылы мектеп оқушыларының нутрициология статусын бағалауға; емшекпен емізу тәжірибесін зерттеуге; медико-демографиялық жағдайды, темір тапшылық анемияның алдын алуына, ересек адамдардың нутрициология статусын жақсартуға және медициналық ғылымның, басқа да көкей кесті мәселелеріне қатысты.

Нутрициология кафедрасының қызметкерлері қатысқан Қазақ тағамтану академиясында орындалған/орындалып жатқан ғылыми-зерттеу

жұмыстардың тізімі

Наименование темы Источник финансирования № договора, контракта
1 Қазақстанда халықтың денсаулығын және тамақтану статусын бағалау бойынша зерттеу. Денсаулық сақтау министрлігі

 

Келісімшарт №135, 20 ақпан 2007 ж.
2 Организімінің қоршаған ортаның экстремалдық факторларына төзімділігін жоғарлату мақсаты мен жүйелік, органдық, жасушалық әмбебап бейімделу механизімдерін бағытталған алиментарлық түзетуінің теориялық негіздерін құрастыру. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Биологиялық зерттеу орталығы» Келісімшарт №4.1.3/244 13.03.2007 ж.
3 Өсімдік негізіндегі жаңа микроорганизмдер ассоциациясын қолдану негізінде табиғы емдік- профилактикалық ішімдікті өндеп шығару. Білім және ғылым министрлігі Келісімшарт №20 02.03.2007 ж.
4 Енбек жағдайына және режиміне бейімделіну механизмдерін қалыпына келтіру және денсаулықты сақтау аспектінде зиыянды еңбек өндірістерінде емдік -профилактикалық тамақтануды және витаминдік препараттарды қолданудың жүйелі талдауы және зерттеуі.

 

ҚР Еңбек министрлігі Келісімшарт №55 от 27 қантар 2008 ж.
5 Әлемдік стандарттарға сәйкес тағам өнімдерінің негізгі түрлерін қабылдаудың ғылыми негізделген нормаларын 2009-2011 жылдарға өндеп шығару. Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті №169

19 ақпан 2010 ж

6 Организімінің қоршаған ортаның экстремалдық факторларына төзімділігін жоғарлату мақсаты мен жүйелік, органдық, жасушалық әмбебап бейімделу механизімдерін бағытталған алиментарлық түзетуінің теориялық негіздерін құрастыру.

Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті № 4.2.1/35-1211 16 ақпан 2010 ж.
7 Қазақстанда қоршаған ортада пестицидтердің құрамын бақылау жүйесін жетілдіру және талдау әдістерін өндеп шығару. Денсаулық сақтау министрлігі

 

№ 4.2.1/35-1211 16 ақпан 2010 ж.
8 Қазақстан республикасында салауатты тамақтанудың ұзақ мерзімді ұлттық саясатын ғылыми негіздеу (2009-2011 жылдарға).

Денсаулық сақтау министрлігі

 

№ 4.2.1/35-1211 16 ақпан 2010 ж.
9 Аламның әлеуметтік мағыналы ауруларын этиопатогенетикалық емдеу және алдын алудың нутритивтік қолдауының жаңа әдістерін өндеп шығару және теориялық негіздеу. Денсаулық сақтау министрлігі

 

№ 4.2.1/35-1211 16 ақпан 2010 ж.
10 Әлемдік стандарттарға сәйкес тағам өнімдерінің негізгі түрлерін қабылдаудың ғылыми негізделген нормаларын 2009-2011 жылдарға өндеп шығару. Денсаулық сақтау министрлігі

 

 
11 «Қазақстанда егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмірсүруін қамтамасыз етуінде қартайюға қарсы моделін (бағдарламасын) өндеп шығару». ҚР остеопорозды алдын алудың кешенді бағдарламасын өндеп шығару». Денсаулық сақтау министрлігі

 

 
12 «Қазақстанда семіздікті және артық дене салмағы эпидемиясының кешенді алдын алуы». Денсаулық сақтау министрлігі

 

№493, 28 ақпан 2013 ж.
13 «Отандық және импорттық майлы өнімдерде, кондитерлік өнімдерде май қышқылдарының трансизомерлерін анықтау және олардың денсаулыққа қауіпін анықтау». ҚазҰМУ қаржылау көзі (университет гранты) №7004л 30.12.2013 ж, бұйрық № 843л 28.02.2014 ж.
14 «Өмір сапасын жоғарлатуға арналған дәстүрлі емес шикізат көздерін қолдану жолымен функционалды геропротекторлық өнімдерді құрастырудың ғылыми негіздері». Білім және ғылым министрлі тапсырысы бойынша, Отандық гранттар –

№ 4680

0113РК00205 №282 04 02 2014 ж.
15 «Туберкулез бен онкологиялық дертке шалдыққан ауруларды негіздік емдеу тәсілдерін тағами тұрғыдан қолдауға арналған бие және ешкі сүті негізіндегі жаңа арнайы тағам өнімдерін жасау». Білім және ғылым министрлі тапсырысы бойынша, Отандық гранттар –

№ 4680

055 №0112РК02959 №282

04 02 2014 ж.

16 «Қазақстан Республикасындағы отандық және импорттық азық-түлік құрамындағы трансизомерлі май қышқылдарының мөлшерін зерттеу және жұқпалы емес аурулардың таралуына әсерін бағалау» ҚазҰМУ қаржылау көзі (университет гранты) бұйрық №42л 12.01.16ж

Медицинаның еңбек сіңірген қайраткері м.ғ.д., профессор А.А.Алдашев 2007-2008 оқу жылынан бастап нутрициология кафедрасының профессоры болып және 2012-2013 оқу жылында кафедра меңгерушісі міндетін атқаруға тағайындалды.

4

Ахмет Алдашұлы Алдашев

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымның еңбек сіңірген қайраткері, профилактикалық медицина Академиясының академигі, білім беру және ғылым саясаты бойынша ҚР метекеттік сыйлығының лауреаты.

1960 жылы Қарағанды медицина институтын бітірген. 1962 жылға дейін дәрігер болып, 1962-66 жылдары Қарағанды медицина институтының патологиялық физиология кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарган. 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 1967 -75 жылдары аймақтық патология ғылыми- зерттеу институтының бөлім бастығы, директор орынбасары, Республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.

Докторлық диссертациясын 1973 жылы қорғады.

1975 жылдан бастап КСРО МҒА Нутрициология институтының филиалы директорының орынбасары, витаминология лабораториясының меңгерушісі, ал 1980-82 жылдары осы мекеменің директорының уақытша міндетін атқарушы ретінде қызмет істеді.

1982-2001 жылдар аралығында — Алматы Мемлекеттік дәрігерлердің мамандығын жетілдіру институтының ректоры болды.

Профессор А.А. Алдашевтың ғылыми жұмыстары келесі мәселелерге бағытталған:

  • Халықтың әртүрлі жас және кәсіби топтарының нақты тамақтануының гигиеналық сипаттамасы мен оны үйлестіруге ұсыныстар жасау;
  • Табиғаттың түрлі экстремалдық жағдайларының (тау биіктігі, шөлейт т.б.) адам организміне әсері мен оларға адаптацияны жеделдетудің ұсыныстарын жасау;
  • Өндірістің әртүрлі химиялық, физикалық зиянды факторларының адам организміне әсері мен оларды түзетудің нутриционалдық жолдарын іздестіру;

Профессор А.А.Алдашевтың басқаруымен 25 докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды. Проф. А.А. Алдашев 220 ғылыми басылымдар, 7 монографиялар, 5 ғылыми-көпшікке ұсынылған кітаптардың авторы. Қазақ тілінде 4 әдеби жанрдағы кітабы жарық көрді.

5

Кафедра меңгерушісі Қайнарбаева Майгүл Сейдуллақызы

Қайнарбаева Майгүл Сейдуллақызы 1996 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетін «Гигиена және эпидемиология» мамандығын бітіріп, «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» квалификациясын алды.

2008-2010 жж. ҚазҰМУ қабырғасында «Қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін, «Қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті бакалавры» квалификациясын алды.

1996-1998жж. ғылыми және оқытушылық қызметін тағамтану кафедрасында оқытушы-стажер лауазымынан бастаған;

2000-2005жж. аралығында оқытушы лауазымында жұмыс жасады;

2005-2011жж. аралығында аға оқытушы лауазымымен қатар оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды;

2010 жылы «Гигиеническая оценка распространенности дефицита витамина А среди детей до 5 лет в экологически неблагополучных регинах РК» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады;

2011 жылдан бастап кафедра доценті лауазымын атқаруда.

2014 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап нутрициология кафедрасы меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Қайнарбаева Майгүл Сейдуллақызы қазіргі уақытта тағамтану және алиментарлы-тәуелді аурулардың алдын-алу мәселелері бойынша халықаралық, республикалық ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады. Сонымен қатар, Қазақ Ұлттық Медициналық Университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысты.

Жұмыс өтілі:

  1. Санитарлық-гигиеналық факультетінің ғылыми хатшысы — 2003-2005жж.;
  2. ҚазҰМУ потенциалын дамыту бөлімінің бастығы – 2008 ж.;
  3. Адам ресурстарын дамыту департаменті бастығының орынбасары – 2009ж.;
  4. ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің ғылыми хатшысы – 2009-2010 жж.;
  5. «Профилактикалық медицина академиясы» Қоғамдық Бірлестігінің «Салауатты тағамтану орталығының» атқарушы директоры — 2011 жыл.
  6. «Ұлттық салауатты тағамтану орталығы» Қоғамдық Бірлестігінің атқарушы директоры – 2012 ж.

Қайнарбаева Майгүл Сейдуллақызы біліктілігін жоғарылату мақсатында «Основы лидерства» (2008 ж), «Служба управления персоналом в условиях кризиса. Новые задачи и технологии работы» (2008 ж.), «Безопасность пищевых продуктов и вступление в ВТО» (2012ж.) және т.б.

Қайнарбаева Майгүл Сейдуллақызы көптеген әдістемелік және оқу-әдістемелік нұсқаулар мен ғылыми жарияланымдарға автор және қосымша автор болып табылады.