Оқушының дұрыс тамақтануы. Фастфудтың зияны

2014 жылдың 18 қарашасында «Нутрициология» кафедрасының мамандары мен «Денсаулық сақтау» факультетінің студенттері бірлесіп «Оқушының дұрыс тамақтануы. Фастфудтың зияны» атты тақырыпта ҚМК «№134 лицейдің»  9 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. 50-ден астам оқушы қатысты. Дәріс барысында фастфудтың түрлері, жағымсыз әсері мен зияны туралы, сонымен қатар дұрыс және пайдалы тамақтану ережелері жайлы айтылды. Тамақтану тәртібін дұрыс құру жөнінде, мәзірден қандай тамақты алып тастау керектігі жайлы ұсыныстар берілді. Оқушыларға брошюралар мен суреттер таратылды. Дәріс соңында студенттер оқушылардың сұрақтарына жауап берді.