Оқытушылар мен студенттерге арналған академиалық мобильділік бағдарламасы

mmm

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті Кожекенова Жанат Әсетқызы  оқытушылар мен студенттерге арналған академиалық мобильділік бағдарламасы бойынша,  19-30.05.2014ж аралығында Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университетінде тәжірибелік сабақтарды және ОСӨЖ, СӨЖ жұмыстарын өткізу үшін шақырылды (шақыру хаты № 07-191  12.05.2014).

Жұмысы бойынша кысқаша есебін ұсынамыз.

Семей ММУ-ң студенттері бірізді оқу жүйесімен білім алады (15апта), осы орайда «Қазақстан Республикасының халық денсаулығын кешенді бағалау» атты элективті циклді өткізу бойынша біраз қиындықтар туындады. Осы уақыт аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика» кафедрасында қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 5-ші курс 506-шы топтың 11 студенттері оқу-өндірістік тәжірибені өтіп жатты. Олар сағат 8.00-13.00 әр 5 күн сайын кафедралық базада тәжірибеден өтсе, 5 күн ММУ-ң медициналық орталығында тәжірибеден өтті. Элективті оқыту түстен кейінгі уақытта жүргіздік.

Тәжірибелік сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ жоспар бойынша өткізілді. Оқу кредит көлемі 90 сағат (2 кредит) оның ішінде практикалық сабақтар -30 сағат,  ОСӨЖ- 14 сағ, СӨЖ- 46сағатты құрады. Семинарлық сабақтарында Қазақстан Республикасының тұрғындарының қазіргі  кездегі жалпы денсаулықтары туралы айтылды, халық ауруының тенденциясы мен деңгейі, аурудың таралуы, мүгедектік, жас — жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес  аурудың алдын алу маңыздылығы туралы сөз қозғалды. Студенттерге отандық және шетелдік статистикалық мәліметтер көрсетілген сайттар ұсынылып, олар содан анализ жасауға, сонымен қатар халықтың денсаулығының деңгейіне баға беруге және оқу әдістерін үйренді.

Кафедрада барлық оқу кабинеттері мультимедиялық жабдықпен қамтамассыз етілген (102 см диагональді плазмалық телевизорлар) және интернет желісіне қосылған. Еш қиындықсыз студенттерге желіде немесе желісіз де Европалық базалық мәліметтерге «Денсаулық барлықтарына» атты  Бүкіл Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасымен жұмыс істеуді ұйренді.

Студенттердің білімін бағалау үшін ауызша, жазбаша жауап және тест турінде, сонымен қатар ситуациялық тапсырмалар және реферат, доклад, презентация жұмыстарын бағаладым. Сабаққа  кафедра оқытушылары да  қатысты.

Жұмыс барысында кафедра оқытушыларымен жақсы қарым-қатынаста болдым, оқыту әдістемесі бойынша, педагогикалық және ғылыми жұмыстар бойынша сұрақтармен тәжірибе алмастық.

Бағдарламаның соңында оқу және тәрбие жұмысы бойынша проректор А.Б.Жүнүсова және үздіксіз оқыту бойынша проректор К.Ж.Байльдинова уақыттарының тығыздығына қарамай жүргізілген жұмыс бойынша есебімді тыңдап, одан әрі бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасады.

20140522_143556 20140523_093130 20140523_093015 20140523_092606