Саттаров Адильгирей Икрамовичқа көрсетілген сый-сияпат

2014 жылдың ақпан айының 7-ші жұлдызында университеттің кіші мәжіліс залында бірнеше жылдарды артқа тастап, өз факультетінің студенттеріне ата-ана секілді болып, жүрек жылуын мен қамқорлығына бөлеп, әр студенттің жағдайын көкірек көзімен сезініп, жүрегімен түсініп, қолдан келген көмегін аямай, көкірегі лаулаған жастардың жүзіне күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлап, 5 жыл бойына Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің ерен деканы, Саттаров Адильгирей Икрамовичтың декандық міндетін аяқтап, факультеттің басшысының жарық шамын Бегадилова Толқын Сембаевнаға табыстау іс-шарасы университет, деканат ұжымы және студенттер тарабынан ұйымдастырылған болатын.

Іс-шарада кафедра меңгерушілері, департамент директорлары, факультет декандары алғыс сөздерін айтты.  Студенттер тарабынан 5 курс студенті Баударбеков Иса жіне 3 курс студенті Мойынбаева Шарапат өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. 2 курс студенті Қоңырбаева Диананың деканға деп арнаған өлең шумақтары да оқылды. Олардың айтуынша: «Біз бұл университеттің түлектері болып ұшып бара жатсақ та, Сіз біздің жүрегімізде мәңгіге қаласыз» деген студенттердің ыстық лебіздері айтылды.

Адильгирей Икрамовичқа айтарымыз қошаметке толы ғұмыр дарияңызда жүзе берсін, денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман болсын дегіміз келеді.

1 2 DSC_6597