Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден!

Ашық тәрбие сағаты.   Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 406 – 1,2 топ студенттері.

Жетекші: Құттыбаев Асылхан Дүйсенханович.

 Салауатты өмір салтын  қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық.

Өз өмірің, өз қолыңда ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық?!

Армысыздар қазақ деген қайсар елдің білімді жастары мен ұлағатты ұстаздары. Сіздерді 1-желтоқсан “Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне” орай “Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден” атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Шайтандарға артық ау,

Ләззат алған бір кеші.

Қажеті жоқ шет жақтың,

Үлдесі мен бүлдесі.

Енді ғана халқым ау, есті жия беріп ең,

Қайдан келді ғасырдың СПИД деген індеті?

Презинтация: Ине ұшындағы ғұмыр”  Хамитова Нұргүл

Адам! Адам!

Бөлісіп уайымыңды

Болашаққа болыңдар дайым үлгі.

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын ешқашан, өрт шалмасын,

Алып емен,ақ бойшаң қайыңынды,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

 

Видиоролик: СПИД және ВИЧ

     Сақтан бұдан бәрің де,әсіресе ұл қыздар,

      Обасына ғасырдың, обал болып жүрмейік.

      Қайран елім ұятты, әсем қандай арайлы ең,

      Ұлға намыс бітіріп,қыздың арын бағар ең.

Презинтация: Нашақорлық  Айнабекова Гүлнұр

                                                      Жұмабекова Айгерім

       Кезекті көрермендермен сұрақ жауап ретінде білім алмастыру сайысына береміз. (шарты студенттерге сұрақ қойылады және дұрыс жауаптар арнайы парақшаларда көрсетіледі, дұрыс жауап берген студенттерге арнайы сыйлықтар таратылады.)

Құқықтық дағды бойынша дайындалған арнайы Презинтация. Дайындаған: Жабдықпай Назым

Кері байланыс яғни отырған көрермендермен жарыс ұйымдастырамыз.(ойын 3 кезеңнен тұрады. Ең алдымен студентер арасынан кездейсоқ  5 студентті тандап аламыз. 1 кезең:Экранда арнайы өлең беріледі.Сол өлеңнің ішінен аталған сөзге мақал айтып жарыстырамыз.Ең жоғарғы ұпай жинаға үш студент келесі сайысқа өтеді. 2 кезең: Жылдамдыққа сұрақ оқылады,студент тез және дұрыс жауап беруі тиіс. Жоғары ұпай жинаған екі студент үшінші кезеңге өтеді. 3 кезең: Екі студент арнайы дайындалған плакатқа ЖИТС тақырыбына байланысты сурет салып жарысады және мағынасын түсіндіреді.Көрермендер арқылы дауыс беріп жеңімпазды анықтаймыз.Жеңген студенттерге арнай сыйлық жасалады.)

             Абайлаңдар СПИДтен, абайлаңдар!

                                                                     Авторы: Айтбаева Ақтоты

Келеді ғасырымыз нұрға айналып,

СПИД дерті шыға келді жырға айналып.

Енді міне тағдырдың тәлкегінде,

СПИД деген бәле тұр шыр айналып.

Арын сатып ақшаға мансап қуып,

Жастар жүр қазағыма салып бүлік.

Сол жастарға ақыл берер ақылшымыз,

Кім бар екен айтатын иық жұлып.

Сол бір нәрсе ойымды мазалайды,

Кайдан келді СПИД деп қазбалайды.

Өзге елге елеңдеп еліктесең,

Сол СПИД әрбір жасты жазалайды.

Ей жастар біз емес пе ертеңі елдің,

Жол табу мақсатымыз енді біздің.

Қатерлі дерт СПИД ті жойып тастау,

Қолымыздан келер іс сіз бен біздің.

СПИД-тен қорғаныңдар абайлыңдар,

Көзді ашып жан-жаққа қарайлыңдар.

Қатерлі дерт өзегінде кетіп қалмай,

Абайлаңдар, СПИД-тен абайлаңдар!

          Ашық сабағымызды қорытындылай келе сөз кезегін ұстаздар қауымына береміз.

Аяулы Даулетовна,Лиза Нұрбековна,Алма Орынгалиевна, Данара Болатовна.