Студенттер «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымын тамашалады

Наурыздың 19 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  медициналық-профилактикалық іс мамандығының  1 курс  12-002-01,12-002-02 тобының студенттері  және жалпы гигиена және экология кафедрасының аға оқытушысы  тьютор Бегимбетова Г.А. мен бірге М.Әуезов атындағы драма театрына «Мен ішпеген у бар ма?» атты қойылымды тамашаладық.

Қойылымның бас кейіпкері — ұлы дана ақынымыз Абай атамыз болды. Қойылымдағы негізгі кейіпкерлер – әкесі Құнанбай, Оразбай, Айгерім, Хадиша, Жомарт рөлінде ойнаған актерлар өз ролідерін жақсы сомдап шықты. Қойылым көрермендердің көңілінен шықты.

1BXxaFrJ9hs qnCunAF1TDI

1 курстың 12-002-1,12-002-2 тобының студентерінің атынан бізге демеу көрсетіп отырған университетіміздің  ректоры, профессор А.Акановқа және Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің бастығы Л.С.Шыңғысбаевқа және  Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың бастығы М.Т.Сұлтановаға алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі профессор У.И.Кенесариев және кафедраның барлық ұжымын, топтың тьюторы Бегимбетова Г.А.-ға да алғысымызды білдіреміз. Топ студенттерінің атынан кафедра ұжымын «Әз-Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

3

Ізгі тілекпен: Медициналық-профилактикалық іс мамандығының  12-002-01,12-002-02 тобының студенттері.