«Студенттік өмір ― көтеріңкі көңіл» атты іс-шара №7 жатақханада өткізілді

Қараша айының 15 жұлдызында №7 жатақханада сағат 19-00-де университетіміздің «Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқарманың» қолдауымен, «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің ұйымдастыруымен «Халықаралық студенттер күніне» арналған,  «Студенттік өмір ― көтеріңкі көңіл» атты кеш өткен болатын. Осы кештің тілшісі «Жалпы медицина» мамандығының  1 курс студенті Утеулиева Мадина. Кешке келген қонақтар мен студенттерден алынған шағын ғана сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Тілші:

— Сәлеметсіз бе?! Сіздің бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай?

Студент Есберген Ақбаян:

—  Бүгінгі кеш қызықты өтті. Маған барлығы айтарлықтай ұнады. Әрбір студенттің өзіндік өнері ерекше көрінді. Қызықты ойындар ойнатылды. Домбыраның күйі, үнді, хип-хоп би, жүргізушілердің  тілдік өнері келген адамдарды баурап алуы мені улкен, тамаша сезімге баурады. Осындай қызықты кештер біздің студенттік өмірімізді көтерінкі көңілмен өткізеді деп сенемін.

Тілші:

— Рахмет! Енді сізге қояр сұрағым, осындай кештер кеңінен қолданыста, яғни біз студенттер осындай қызықты да әсерлі кештерді көптеп ұйымдастыруын қалайсыз ба? Неліктен?

Студент Елемес Балнұр:

— Я әрине қалаймын! Әр студент, яғни біз осындай кештер арқылы бір демалып, үлкен серпіліс алып, көңіліміз жайланып қалады емес пе? Біздің университетте сапалы білімге деген сұраныс жоғары болғандықтан күні, түні сабақ оқимыз.  Осындай кештер сабақ кезінде болған қиындықтарды біраз уақытқа ұмыттырып, көңілімізді бір сергітеді деп ойлаймын.

Тілші:

— Сұхбатыңызға рахмет! Қорытындылай келе айтарым біздің университетте студент өміріне барлық жағдай жасалған! Әрбір кеш студент және оның қатысушылыры үшін ұйдастырылған. Университетімізде өтіліп жатқан кештер және бүгінгі кеш туралы алып, қосарыңыз бар ма?

Модуль оқытушысы: Аязбаева  Гүлнұр Бултековна

—                     Бүгінгі кеш өте қызықты өтті деп ойлаймын. Бұндай мерекелік шаралар студенттер мен оқытушыларды жақындастыра түседі. Бүгінгі кеште студенттердің біз білмейтін қабілеттерін көруге мүмкіндік туды. Көрермендер де, қатысушылар да жоғары белсенділік танытты, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете білді. Студенттердің алғашқы той мерекелерін жақсы қарсы алуына ат салысқаны үшін біз де өзімізді бақытты сезінеміз.

 

Модуль оқытушысы: Сериева Жанар Алимхановна.

—                     Студенттер күніне арналған кеш жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Студенттер өте өнерпаз және қабілетті. Өз өнерлерін көрсетіп, мәліметтермен алмасуда. Дәл осындай деңгейдегі кеш, студентер үшін бірінші рет өткізіліп жатыр және біздің «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулі алдағы жылдарда да керемет кештерді өткізуге тырысады.

IMG-20131118-WA0002 IMG_4091 IMG_4043 IMG_3981 IMG_3937 IMG_3929 IMG_3909 IMG_3891 IMG_3885 IMG_3883 IMG_3873 IMG_3864 IMG_3858