С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы кафедрасы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ

Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында университетте келесі шараларды жүзеге асыру.

l  Екі дипломдық бірлескен бағдарламамен оқыту.

l  Жоғарғы оқу орындарын аралық бірлесу арқылы академиялық бағдарламаны алмастыру барысында оқыту(екінші дипломсыз).

l  Білім,зерттеулік,өндірістік дағдыларды  меңгеруі.

l  Біріккен ғалыми-зерттеулік бағдарламамен оқыту.

l  Элективтік пәндерді оқыту.

l  Жазғы мектептерге (семестр) қатысу.

Студенттер басқа ЖОО және ұйымдарға  ЖОО-ның жолдамасымен жіберіледі.

Сыртқы академиялық  ұтқырлықтың механизмінің іске асырылуы.

Академиялық ұтқырлықтың басты орындалу уақыты семестр немесе бір модульді оқу уақыты болып табылады.

Ішкі академиялық ұтқырлық келесі механизм бойынша іске асырылады.

Алмасу бағдарламасы.

Бұл бағдарлама білім және ғылым аймағында шетелдік ЖОО мен бәсекелестікке келісім бекітуді және студенттердің алмасып оқуын іске асырады.

Екі дипломдық бағдарлама.

ҚазҰМУ-дың халықаралық бәсекелестіктегі кілттік жолдамаларының бірі,біріккен білім беру бағдарламасының жасалуы және іске асырылуы болып табылады.Шетелде жолдамамен білім алған студенттер С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дипломымен қоса шетелдік диплом алу.

Ішкі  академиялық ұтқырлық механизмінің іске асырылуы.

Академиялық ұтқырлықтың басты орындалу уақыты семестр немесе бір модульді оқу уақыты болып табылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып жатқан студенттер оқу жылы бойы немесе жазғы семестр білім алады.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының талаптары.

l  Жаңа заман оқу әдісін қолдану арқылы  қазақ,орыс,ағылшын тілінде оқытады.

l  Студент негізгі пәндермен  қоса элективтік курстарынан  білім алады.

l  Оқу соңында транскрипт беріледі.

l  Академиялық ұтқырлық бағдарламамен оқып жүрген студенттер кітапханаға,интернетке кіруге және тұратын жерімен қамтамасыз етілуі қажет.

Осы бағдарлама бойынша біздің C. Ж.  Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 401 тобының студенттері Әмірханова Н.Ж., Әлсейітова Б.Х., Байниязова Ә.К., Кәрім М.С., Мұзафарова А.Ш., Смагулова Ә.А. академиялық ұтқырлықты дамыту  бойынша 25 қазаннан 15 желтоқтан аралығында оқуға келді. Осы күннен бастап олар C. Ж.  Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің қоғамдық өмірімен кеңінен танысты. Мұнда стеденттер коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасында «коммуналдық гигиена», және «аурухана ұйымдарының мазмұны және құрылымына қойылатын санитарлық талаптар» — атты  элективті пәнін өтті. Сабақ барысында студеттерді оқытушы Алатау су Холдингі обьектісіне, Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына және Алматы қаласы бойынша санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығының жұмыс барысымен таныстырды. Оқу барысында желдету, сумен қамтамасыз ету, ауа қозғалысы, атмосфералық мониторинг, судан сынама алу, топырақтан сынама алу,ауадан сынама алу,  атмосфералық ластану, жылыту,  қалдықтарды залалсыздандыру туралы презентация көрсетілді және студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулармен, ҚР заңнамаларын іс жүзінде қолдануды  үйретіп , білімдерін тереңдетті.