Факультеттің Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен алғашқы тренинг өтті

2016 жылғы 23  қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультеті Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен алғашқы тренинг өтті. Тренингті «Upgrade Business School» бизнес мектебін  тәмамдаған факультетіміздің 5-курс  студенттері жүргізді.  Тренинг өткізудегі негізгі мақсат студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту және көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру. Аталмыш тренигке факультеттің белсенділігін арттыруға келген студенттер қатысты. Бұл тренинг алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.