«Философия және медицина»

«Философия және медицина»

 

    24-шы қазанда Техас  Техника Университетінің (АҚШ) профессоры Марк Вебб Оуеннің қатысуымен Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасында «Философия және медицина» атты  ғылыми-теориялық конференция  ұйымдастырылды.

Конференцияда  «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттері қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде төмендегі тақырыптардағы баяндамаларды  оқыды:

ü  «Дәрігер дүниетанымын қалыптастыруда философияның ролі» Ботабеков Т.  ЖМ013-41 топ студенті.   Жетекші: Оспанов Т.Т.

ü  «Өмір философия мен медицинаның бағалау нысаны ретінде: қазақ философиясы мен халықтық медицинада» Ермекбай А. ЖМ013-28 топ студенті.   Жетекші: Турсунбаева С.Д.

ü  «Медицинаның философиялық-этикалық мәселелері» Айтбаев Ж.   ЖМ013-41 топ студенті.   Жетекші: Анасова Қ.Т.

ü  «Медицина философиясы мәдениет феномені ретінде» Зеленская Е. Жетекші: доцент Бисембаева З.У.

ü  «Дін философиясы» ЖМ013-41 топ студенті Абдраимова Д.   Жетекші: Сембаева М.М.

Конференция соңында кафедра меңгерушісі, доцент Бисембаева З.У. мен  профессор Марк Вебб Оуен студенттердің баяндамаларына жоғары баға беріп,  тақырып аясындағы сұрақтарды  талқылады.

 

Оқытушы Сембаева М.М.