«Ширату»

Тренинг тақырыбы: «Ширату»

Өткізілген орны:  Коммуникативтік дағдылар орталығы

Өткізу уақыты: 20.11.2014 жыл.

Уақыты: 17.00

Ұйымдастырушы: Қоғамдық денсаулық факультетінің Студенттік Үкіметі

Төрайымы: Солтанова Мөлдір

Қатысушылар:   қоғамдық денсаулық сақтау,фармация, жалпы медицина факультетінің 1 — курс студенттері.

Мақсаты: Университеттің 1-ші курс студенттерін тренингке қатысу арқылы  бейімделуге шақыру.

Міндеттері:

  1. Бір-бірімен таныстыру.
  2. Бір-бірі жайында ақпарат алмасу.
  3. Тіл табыса білу.
  4. Қиындықтары болса ортаға салу.

Негізгі бөлім: Тренингті жоғарғы курс студенттері жүргізіп, өз шеберліктерімен бөлісті. Студенттерге қызықты сұрақтар қойылып, олар да ұтымды жауап беріп отырды. 3 курс студенті Шуланбаева Айдана  қызықты ойындар ойнатты. Ойында бір студент қалаған тілегін айтса, қалған студеттер бос орындарға отырып үлгеруі тиіс еді. Ойын арқылы студенттерді ынталандарып алып, келесі тапсырмада әр студентке  ойына келген бейнені қағазға түсіріп, сол  бейнені ойымен  жеткізу жұмысы  мендеттелді. Нәтижесінде сол мезеттегі студенттің көңіл – күйі, сөйлей білуі, ойын толық қортындылай білуі сарапталды. Сарапшылық бірірінші курс  студенттеріне жүктелді. Сараптай отырып, олар критикалауды да үйренді. Соңында әр студент өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, тренингті ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Алған жағымды әсерлері жайында бөлісті. Тренингті басқа да тақырыпта өткізу туралы пікірлер айтылды. Тренинг арқылы студенттік өмірдің қызықты сәттерінің бірін шираттық деп ойлаймыз.

 

 Мақала авторы немесе пікір жазған:  Әбілқасым М.