Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай ұйымдастырылған «Елдің туын желбіреткен Елбасы» атты іс-шараның ЕСЕБІ

  «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 26 қараша 2015 ж. № 2 аудиторияда, сағат 12.00 факультет деңгейінде Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті күніне орай ұйымдастырылған «Елдің туын желбіреткен Елбасы» атты іс-шара өткізілді. Бұл шараны эпидемиология, нутрициология және биостатистика кафедралары ұйымдастырып, өткізді.  Сценарий эпидемиология кафедрасы доценті Алекешева Л.Ж., биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Раманқұлова А.А. және нутрициология кафедрасының оқытушысы Бакировамен М.А. бірлесіп дайындалып, СӘМҚДД директоры мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» институтының деканымен келісіліп, бекітілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерге өз еліне және өз Елбасымызға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді ояту, мемлекеттің бірлігі аса маңызды болып табылатын біздің ұлттық көшбасшы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдарымен таныстыру.  Іс-шараға «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 4,5 курс, «Жалпы медицина» 3 курс 100 астам студенттері және эпидемиология, нутрициология және биостатистика кафедраларының ПОҚ белсенді қатысты.  Осы іс-шараға арнайы Университетіміздің Ғылыми кітапханасының қолдауымен Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарының көрмесін ұйымдастырды.

Барлық белсенді қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Көрермендер жүргізушілерге, қатысқан студенттердің шығармашылығына және өнеріне жоғары баға берді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы  студенттері шақырылып, өнерлерін көрсетті. Елбасы туралы ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.  Сонымен қатар осындай іс-шараны университет деңгейінде өткізуге ықылас білдірді.