ҚазҰМУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының жоспарына сай «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ішкі оқу ережелерімен, соның ішінде «Студенттердің сыбайлас жемқорлық жөніндегі жауапкершілігімен» таныстыру іс –шарасы

2016 жылдың 21 қазанында Этикалық кенес төрайымы, ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Г. және жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушылары 1 және 3 курс студенттерімен 2016-2017 оқу жылына арналған С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының жоспарына сай  «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  ішкі  оқу ережелерімен», соның ішінде  студенттерге  «Студенттердің сыбайлас жемқорлық жөніндегі жауапкершілігімен» таныстыру іс-шарасы өткізілді.

Өткізілген  і-шара «Қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактикалық іс және менеджмент» факультетінін деканымен бекітіліп өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты пен міндеттерін ескере отырып, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Ғылыми кеңесі бекіткен 2012-2015 ж. арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты мен бағдарламасын жүзеге асыру жоспары»-ның бекітілгендігі туралы Этикалық кенес төрайымы, ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Г. атап өтті.

Кафедра оқытушыларының баяндамалары тындалып, студенттер арасында  кері байланыста пікірталас сұрақтар  талқыланды.

Қорытындылай келе «Медицина и корупция несовместимы» бейнефильм көрсетілді.

Іс-шараға 100-ден астам «Қоғамдық денсаулық сақтау,медико-профилактикалық іс және менеджмент» факультетінің 1 курс, «Жалпы медицина» факультетінің 1,3 курс студенттері қатысты.