Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасындағы Университет күндері

Университет Күндеріне орай 2012 жылы 4 желтоқсан күні қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында, «Қазақстан — денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау жолында» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияға Литва Денсаулық Ғылымдары Университетінің визитинг – профессорлары, денсаулық сақтау саласының мамандары Жильвинас Падайга және Саулюс Янонис қатысты. Кездесу барысында профессор Камалиев М.А. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау», профессор Ж.Падайга «Литва денсаулық сақтау жүйесінің дамуы» және С.Янонис «Ақпараттық технологияларды пайдаланып денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау» атты баяндамалары тыңдалды. 26 желтоқсан мен 8 желтоқсан аралығында, визитинг – профессорлармен бірге, проэкттердің ғылыми бағдарламалары жасалды, дәрістер тыңдалды, оң лицензия берілген ғылыми материалдар талқыланды, 2013 жылға жоспар құрастырылды.