Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында үштілді оқыту бағдарламасын жүргізу

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында, үштілдің оқыту бағдарламасын жүргізу мақсатында, кафедра оқытушысы М.Н. Жакуповамен 2013 жылдың 4-ші қыркүйегінде мемлекеттік тілде оқитын медициналық-профилактикалық факультеттің 1 курс студенттеріне медицина тарихы пәні бойынша «Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихын зерттеу көздері. Алғашқы қауым құрылысындағы емшілдік.» атты орыс тілінде дәріс оқылды. Студенттерге емшілдіктің қалыптасуы мен дамуының дүниежүзілік-тарихи үрдістерінің және медицинаның көне заманнан осы уақытқа дейінгі   жалпы заңдылықтарына түсінік берілді; әр жаңа дәуірдің медицина саласындағы адамзаттың рухани мәдениетінің бөлігі ретінде жетістіктері анықталды, жер шарының әр түрлі аймақтарында медициналық ғылымның қалыптасуында ұлттық факторлардың бірлігі мен өзара қарым-қатынасы көрсетілді. Осының нәтижесінде студенттердің дәрігерлік этиканың негізгі ережелері мен болашақ дәрігерлердің дүниетанымын дамытуға, физиологиялық үрдістердің диалектикалық түсінуіне және логиканы дамытуға ықтал етеді. Студенттердің сұрақтарына оқытушымен мемлекеттік тілде нақты жауаптар берілді.

IMG_0542 

IMG_0544