Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 70 жылдығына» тақырыбындағы дөңгелек стөлдің өткендігі туралы ЕСЕП

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында

Ұлы Отан Соғысының ардагері Судакова А.И. кездесу туралы және

1 және 3 курс қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттерімен

«Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 70 жылдығына» тақырыбындағы

дөңгелек стөлдің өткендігі туралы

ЕСЕП

2015 жылдың 13наурызында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында фашистерге қарсы Жеңістің 70 жылдығына арналған оқытушылар мен студенттердің Ұлы Отан Соғысының ардагері Судакова Ася Игнатьевамен кездесуі ұйымдастырылды.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Камалиев М.А. өзінің кіріспе сөзінде Ася Игнетьевнаны орыс және қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі ретінде қызмет жасаған университеттің ет бауыры жақын адам ретінде таныстырды және өсіп келе жатқан ұрпақтарды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу, тарихи естеліктерді, Отандық мәдени и рухани мұраға тарту және егде жастағы, соғыс және еңбек ардагеріне деген құрметке тәрбиелеу туралы айтып өтті.

Ася Игнатьевна Ұлы отан соғысы жылдарындағы тылда жұмыс жасаған адамдардың өмірі және өзінің жастық шағы туралы естеліктермен бөлісіп, өзінің қорытынды сөзін жастарға алғыс сөзін айтуымен аяқтады.

Ардагерге арнап студенттер соғыс жылдарынан театрланған көріністер көрсетті, өлеңдер оқып, ән айтты, домбырада күй шертті, әскери тақырыптарда баяндамалар оқыды және стендтер дайындады:14-001-1о (І) топ студенті Нүсіпқанов Бауыржан(жетекшісі Абиырова Н.Б.);12-301 (ІІ) топ студенті Конысбаевна Үміт (жетекшісі Дармен Н.Ж.);12-301 (ІІ) топ студенті ОЗ (жетекшісі Орманова А.М.), “Майдангерлер” атты өлең шумақтарымен Зулбыхар Назгул, «Жігер» күйімен Қасымалиева Фариза, көрініс «Ананың майданда жүрген баласына жазған хаты», Ерманова Молдірдің орындауында “Сарбаздар” әні.