Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Кафедра 1935 жылдың 1 ақпанында ұйымдастырылды (№ 8 § 9 1935 жылғы 19 қаңтардағы Қазақ медициналық институтының бұйрығы бойынша) және алғашқы жылдары әлеуметтік гигиена кафедрасы деп аталды. 40-50-жылдары денсаулық сақтауды ұйымдастыру және медицина тарихы кафедрасы деп аталды. 1966 жылдан медицина тарихы курсымен әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы деп аталды. 1993-1998 жылдары медицина тарихы курсымен әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару кафедрасы деп аталды. 1999 жылдан қазірге дейін қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы деп аталады. 1999-2003 жылдары кафедраға медициналық информатика курсы біріктірілді. Кафедра атаулары мен оның құрылымдарының өзгеруі ел дамуының тарихи даму кезеңдеріндегі оның алдына қойылған міндеттерге сәйкес болды.

Кафедраның құрылуы және ұйымдастырылу сатылары РКФСР Денсаулық сақтау халық коммисариаты Қазақстанға жұмысқа жіберген мамандардың жұмысымен байланысты болды. Мұнда кафедраның алғашқы меңгерушілерін атап кетуге болады: Манзон С.А. – Прага медициналық институтының түлегі, кафедраны 1935-1936 жылдары басқарды; Попов Н.И. – I Мәскеу мемлекеттік университетінің медициналық факультетінің түлегі, 1936-1938 жылдары әлеуметтік гигиенаның доценттік курсын басқарды. Ол жетістікпен социалистік денсаулық сақтау принциптерінің теориялық және практикалық міндеттерін орындап, стационарлардағы шаруашылық есеп сұрақтарын, учаскелілікті құру принциптерін, ауылдағы жұмысшылар мен еңбеккерлерге медициналық-санитарлық көмек көрсету сұрақтарын зерттеді. Ұлы Отан жылдарында кафедраның бар назары майданды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету сұрақтарына және тылда госпиталдер құру, эвакуацияланғандармен қоса халықты медициналық-әлеуметтік қамтамасыз ету сұрақтарына ауды. 1941-1943 жылдары кафедраны Урал мемлекеттік университетінің түлегі Алфимов И.В. басқарды. 1943 жылдан 1949 жылға дейін кафедраны негізгі жұмысына қосымша ретінде Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі Чесноков С.А. басқарды. Бұл кезеңде кафедрада Сеньков Н.О. (кейін 1963-1971 жылдары – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі), Мировалева З.Г. (кейін Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің референті) сияқты тәжірибелі оқытушылар мен мамандар сабақ берді.

1949 жылдан 1951 жылға дейін кафедраны Шкрадюк Г.Ф., 1951 жылдан 1959 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Полянский А.Н. басқарды. Бұл кезеңде кафедрада 7 оқытушы жұмыс жасап, олардың ішінде медицина тарихы мәселелері бойынша кандидаттық диссертация қорғаған Палкин Б.Н., Чокин А.Р. болды.Әрі қарай кафедраның ғылыми-практикалық қызығушылықтары социалистік құрылыстың идеологиясына сай болды, олардың ішіндегі анағұрлым масштабтысы халықты жалпы диспансерлеу бойынша шаралар болды. 1959 жылы кафедраны Қазақ медицина институтының түлегі, 1960-1963 жылдары Алма-Ата мемлекеттік медицина институтының ректоры Самарин Р.И. басқарды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.И.Самариннің жетекшілігімен 3 докторлық (Чернобров П.Н., Гонопольский М.Х., Чокин А.Р.) және 28 кандидаттық диссертация қорғалды. Осы жылдары кафедра жанынан аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп, кандидаттық диссертацияларын Исмаилов Ш.М., Слажнева Т.И., Макатова В.А., Саятова А.С. қорғаса, сырттай аспирантура аяқтап медицина ғылымдарының кандидаттары болғандар: Петров П.П., Костенко Г.Р., ізденушілер: ассистент Ильин И.В., ҚазКСР ДМ қызметкерлері Иванова Н.И., Козырева Р.В., практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері Индербиев М.Г., Душманов С.Х., Невель Н.Н. және т.б.

1969 жылы кафедра құрамынан медицина тарихы жеке дара кафедра ретінде бөлініп шығып, оны медицина ғылымдарының докторы (1967 ж.), профессор (1968 ж.) Чокин А.Р. басқарды. Профессор А.Р. Чокиннің жетекшілігімен 2 докторлық (Душманов С.Х., Свиридова Л.Е.) және 9 кандидаттық (Шабдарбаева М.С., Ефремова Л.С., Жакупова М.А., Абылкасымов Е.А., Анамбаев И.А. и др.) диссертациялар қорғалды. 1987 жылы профессор Самарин Р.И. зейнеткерлік демалысқа кеткеннен кейін екі кафедра қайтадан біреуге біріктіріліп, профессор Чокин А.Р. меңгеруші болып тағайындалды.

Қазіргі таңда  кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Камалиев Мақсұт Адилханұлы басқарады. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1982 жылы үздік аяқтады. Институттан кейін әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының ассистенті етіп қалдырылды. 1985-тен 1989 жылдар аралығын да Н.А. Семашко атындағы әлеуметтік гигиена, денсаулық сақтау экономикасы және басқару БҒЗИ-ң және медициналық және медициналық-техникалық   БҒЗИ-ң аспирантурасында оқыды. 1989 жылы «Аймақтық терапевтік учаске тұрғындары арасындағы негізгі созылмалы жұқпалы аурулардың интегралды профилактикасының ұйымдастырушылық аспектілері» кандидаттық диссертациясын қорғады. Мәскеуден оралған соң сатылап  ассистент, аға оқытушы, СММИ әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1993 жылы ҚазҰМУ әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасын басқарды, сонымен қатар ҚазКСР денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша штаттан тыс бас маманы болып тағайындалды. 1994 жылы «Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасының әлеуметтік бағыттары» докторлық диссертациясын қорғады. 1996 жылы медицина профессоры оқу атағы берілді. 2003 жылдан жоғары категориялы социал-гигиенист және денсаулық сақтау ұйымдастырушысы біліктілік дәрежесіне ие. Қоғамдық денсаулық және денсаулық

сақтау аймағындағы жоғары білікті маман болып табылады. Көптеген заңдылық, нұсқаулық және нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысқан. Камалиев М.А. Қазақстан  Республикасында медициналық социологияның негізін қалаушы деп еңбегі сіңгеніне қарай санайды. Оның ғылыми жетекшілігімен 12 кандидаттық диссертация қорғалып (Мусагалиев Т.К., Рахишев Е.К., Аязбаева А.Г., Пругло Г.Ю., Хисметова З.А., Шахиева А.М., Антонова Л.П., Мустапаева Р.Т., Айтманбетова А.А., Буздаева С.С., Щуканова Б.А., Абенова А.Т.), Берлин университетінде халықаралық қоғамдық денса

улық сақтау магистрі дайындалды (Дерябина А.П.), ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындауды жалғастыруда. 350-ден аса ғылыми, оқу және әдістемелік жұмыстарды отандық және шетелдік баспаларда жариялады.

Еуропа Қауымдастығының, Британдық Кеңестің, БҰҰ даму Бағдарламаларының, «Сорос-Қазақстан» Қорының, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің, ҚР ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің және т.б. ғылыми гранттарды жеңіп алды. Көптеген ғылыми және білім беру жобаларында Қазақстан жағынан координатор функциясын атқарды. ҚазҰМУ-н бірнеше қайтара шет елдерге көрсете білді. 1995-тен 2000 жылдарға дейін ғылыми-педагогикалық жұмысын шетел студенттері факультетінің деканы ретінде қызмет атқарып, қоғамдық жұмыспен ұштастыра білді. Алдымен қоғамдық денсаулық сақтаудың Жоғары Мектебінің, сосын ҚазҰМУ жанынан құрылған диссертациялық және апробациялық кеңестердің мүшесі болды.«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша біліктілік категориясын тағайындау аттестациялық комиссиясының біріккен төрағасы және мүшесі; Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясының «Медицина» бөлімінің ғылыми редакторы; «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару» журналының, «Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Орталық-Азиялық ғылыми-практикалық журналдың» редакциялық әріптестігінің мүшесі. ҚР қоғамдық денсаулық сақтау мамандары Ассоциациясының Вице-президенті болып табылады.  2010 ж. базалық медициналық пәндер оқу департаментінің директоры,  2011 ж. – қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаментінің директоры болып қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (2001 ж.) күміс белгісімен, «За вклад в развитие медицинского образования Республики Казахстан» күміс медалімен (2006 ж.), сонымен қатар ҚазҰМУ 6 Құрмет мақтау қағазымен марапатталды.

Қазіргі кезде қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихының түрлі бөлімдері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын меңгерген дәрігер-мамандарды дайындауға бағытталған оқу-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын іске асыратын университеттің негізгі бөлімі болып табылады. Студенттерді оқыту жоғары әдістемелік деңгейде өтеді және елдің барлық медициналық жоғары оқу орындары қабыл алған, кафедра қызметкерлері құрастырған пән бойынша типтік оқу бағдарламасына негізделген. Оқу-педагогикалық үрдіс басылып шыққан оқулықтармен, оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен, дәрістер жинағыменқамтамасыз етілген. Кафедра құрылғалы бері оның қызметкерлері арқылы көптеген монографиялар мен ғылыми жұмыстар жарық көрді. Оқу-әдістемелік материалдар жинағы дайындалды. «Қоғамдық денсаулық», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина тарихы» пәндерінен «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендер құрастырылып бекітілді. Кафедра қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бакалавриат және магистратураны оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде белсенді жұмыс атқарды.

ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім бойынша «Денсаулық сақтау мекемелеріндегі, медициналық ғылым мен білім берудегі ақылы медициналық қызмет көрсету ережелері» (2004 ж.), «Денсаулық сақтау саласының мамандарға деген ұзақ мерзімді қажеттілігін анықтау» (2005 ж.), «Соңғы нәтижелерді алуға бағытталған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері жұмысының көрсеткіштері мен мақсаттық индикаторларын өңдеу және ендіру, 2005-2010 жылдарға Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының компоненттерін іске асыруды мониторинг жасау және бағалау жүйесін енгізу» (2008 ж.), «Денсаулық сақтаудағы заңсыз төлемдер көлемін зерттеу» (2009 ж.)  «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік – жеке серіктестікті бағалау және мониторинг жасау» (2010 г.) және т.б.

ҚР ДМ жұмыс тобының құрамына жетекші ғылыми  – зерттеу орталықтарының қатынасуымен  Қазақстан Республикасындағы медициналық – әлеуметтік зерттеулерді ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету бойынша; алғашқы медициналық – санитарлық көмек деңгейінде негізгі ауру топтарының интегрирленген  біріншілік профилактикасына; 18 жас және одан жоғарғы жас топтарындағы ауыл тұрғындары арасындағы аурудың приоритетті топтарының екіншілік негізгі  жолдарының; 12 ден 18 ге дейінгі жастағы балалардағы проритетті патологияның біріншілік және екіншілік профилактикасының; ауыл тұрғындарың 18 бен одан үлкен 12-18 жастағы балаларға медициналық мониторинг жасауға;  ҚР ДМ «Аурулардың алдын алу және мониторинг жасаудың жаңа технологияларын  белсенді енгізу үшін»  белгіленген алғысы (2004 ж.) және ҚР денсаулық сақтау Министірлігімен бекітілген аса маңызды аурулардың алдын алу бойынша шараларды жүргізу және ұйымдастыруды басқару жөнінде әдістемелік нұсқаулары жасалынды.

Еуропа қауымдастығының, Ноу-хау Қорының, Британдық Кеңестің, Сорос-Қазақстан Қорының және т.б. жобаларының шегінде денсаулық сақтаудың актуалды проблемалары бойынша  халықаралық бағдарламалар іске асырылды: «Халықтың медициналық көмекке қол жеткізу барьерлері» (1999-2001 жж.), «Медициналық мекемелердегі пациенттердің заңды және заңсыз төлемдері» (2000-2002 жж.), «Денсаулық сақтау менеджментіне оқыту бағдарламасын жасау» (1999-2002 жж.), «Денсаулық сақтау экономикасына оқыту бағдарламасын жасау» (1999-2002 жж.), «Ерлермен сексте болған ерлер арасындағы АИВ/ЖИТС және ЖЖТИ проблемаларының медициналық-әлеуметтік аспектілері» (2002-2004 жж.), «Орталық Азиядағы 7 үлгілі учаскедегі профилактикалық шаралармен қамтудың жоғары деңгейіне жету: Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Өзбекстандағы халықтың әлсіз топтарын АИВ профилактикасы бойынша қызметтің негізгі жинағын көрсету» (2007-2009 жж.), «Қазақстандағы ЛГБТ құқықтарын сақтау» (2008-2009 жж.), «Заң және денсаулық» (2008-2010 жж.) және т.б. Кафедра қызметкерлері Ұлыбританияда, Нидерландта, АҚШ, Түркияда, Израилде және тәжірибе алып, баяндамалар жасады.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университет ішілік грант сайысы бойынша 2011ж. «Кездейсоқ жағдайдағы стресстің алдын алу және түзетудің кешенді бағдарламасын ғылыми негіздеу» тақырыбында ҒЗЖ жүргізілді. Кафедра қызметкерлерімен Қазақ ұлттық медицина университетінің  тарихи музейін құру, оның қалыптасу, даму және жұмыс жасауы бойынша  үлкен жұмыстар жүргізілді.  Музей 2001ж. Университеттің 70 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды.

Кафедра денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Тек 2009 ж. «Медициналық көмек сапасына сараптама жүргізудің таңдамалы сұрақтары» тақырыбында 2 цикл, «Аккредитация элементтерімен аурухана ішілік аудитті ұйымдастырудың таңдаулы сұрақтары» – 4 цикл, «Денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу» – 56 цикл, көшпелі циклдер «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұйымдастырушылық негіздері» (Шымкент қ.) және «Денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың актуалды проблемалары» (Ақтау қ.)  2010 ж. – 4 цикл «Медициналық қызмет сапасына сараптама жүргізудің таңдаулы сұрақтары», цикл «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг»,  2011 ж. – «Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері», «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және  басқару» циклдары өткізілді,

Кафедраның ғылым мен білімнің жоғары деңгейіне жетуі визитинг-профессор бағдарламасына қатынасуға мүмкіндік берді. 2011 ж. ҚазҰМУ ректорының демеуімен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы  белгілі маман, м.ғ.д., профессор, академик Комаров Ю.М. екі рет келіп, оқытушыларға мастер-класстар жүргізді,студенттерге және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне дәріс оқыды.  2012 ж. Литва университетін денсаулық ғылымына оқыту және халықаралық серіктестік орталығының деканы, алдын алу медицина кафедрасының меңгерушісі  профессор  Ж. Падайганың келуі ұйымдастырылды.  Кафедра қызметкерлері студенттермен тәрбие жұмыстарын, дәрістер, сұхбат, сұрау жүргізеді және олармен бірге көптеген мәдени шараларға қатынасады. Кураторлық топ студенттерімен мейірбикелік қарау ауруханасында, паллиативтік көмек көрсету қалалық орталығында, №15 Алматы облыстық мектеп – интернатында, № 6  Алматы қ. арнайы мектеп –интернатында (түзету) «Мейірімділік сабақтарын жүргізеді. Құқықтық мәдениетке белсенді насихат жүргізіледі. Кафедрада оқыған студенттер кафедра саясаты мен студеттердің ар – намыс Кодексімен танысады. Студенттермен ҚР Президентінің халыққа жолдауы бойынша, «Жемқорлық жоқ», «Медициналық қызметкерлердің құқықтары», «Пациенттердің құқықтары» тақырыбтарында сұхбаттасулар жүргізіледі.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмелері бар, онда студенттер ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді, нәтижелерін баяндайды және жыл сайынға студеттер конференциясында жеңіп  шығады.