«ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР: ТАРИХ, САЯСАТТАНУ, ФИЛОСОФИЯ, ӘЛЕУМЕТТАНУ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция болып өтті

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

2015 ж. 3 желтоқсанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 85 жыл толуына орай «ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР: ТАРИХ, САЯСАТТАНУ, ФИЛОСОФИЯ, ӘЛЕУМЕТТАНУ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция болып өтті.

Конференцияның мақсаты — студенттерді 1-2 курстан бастап ғылыми ізденіске баулу және болашақ дәрігер маманы ретінде бойларында патриотизм, мәдениеттілік, толеранттылық, ұлттық бірегейлік, гуманизм, этика, жаhанданудың адами ұстанымдарынан негізделген құндылықтарды қалыптастыру.

Конференция бағдарламасы бойынша пленарлық және студенттер баяндамалары тыңдалды. Бисембаева З.У. «Проблемы  экологической  культуры  в истории  цивилизации»;           Рсалдина Ғ.Т. «Толеранттылық – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі»; Тулентаева К.А. «Қазақ халқының музыкалық мәдениеті: тарихи сабақтастық» (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай); Дюсенова Н.К.  «Темекі — депопуляцияға бастар жол»; Оспанов Т.Т. «Основные этапы формирования и развития национального самосознания казахов»; Болатбек Қасиет «Гиппократ —  врач  и мыслитель»; Шымырбай А. «Ортағасырлық Қазақстан территориясына әлемдік діндердің таралуындағы Ұлы Жібек Жолының рөлі»; Жақсыбай Н. «Қазіргі қазақ медицинасының өзекті этикалық мәселелері»; Доскалиева М. «Цивилизационная теория А.Дж.Тойнби в зарубежной историографии»; Сембаева М.М. «Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ даласында таралған бақ өнімдеріндегі дін мәселесі»; Асқарқызы А. «Қазақстанда исламдық білім беру мәселеcі туралы»  және т.б.

Конференция жүргізілу барысында БАҚ (Қазақстан телеарнасы) өкілдері қатысты. Кафедра меңгерушісі З.У. доц. Бисембаева Университет  Күндерінде өткізілетін іс-шараларға толыққанды хабарлама жасады. Өз кезегінде доц. Рсалдина Ғ.Т. алғашқы ректор С.Ж. Асфендияров негізін салған әлеуметтік гуманитарлық пәндердің  қазіргі кезде өз өзектілігін жоғалтпай, керісінше бүкіл Қазақстанның жасампаздық болашағына арқау болатын өркениеттік құндылық — толеранттылықтың маңызының арта беретіндігіне назар аударды және жастарды Қазақстанның нағыз патриоты болуға шақырды.

АҚШ, Түркия, Польша мемлекеттерінің танымал визитинг-профессорлары әлемді толғандыратын ғылыми-танымдық және гуманистік мәселелері бойынша мақалалары жинақ  ретінде шықты және конференция қатысушыларына таратылды.

Конференция модераторы доц., т.ғ.к. Дюсенова Н.К. конференцияны қортыныдылай келе,  біріншіден, конференцияда көтерілген баяндамалар бүгінгі күннің талабына сай орындалды; екіншіден, Университет күндеріне арналған жыл сайынғы өткізілетін ғылыми-тәжірибиелік конференция басқа да ЖОО бірлесіп өткізуге ұсыныс жасалсын; үшіншіден, жылсайынғы Университет Күндеріне арналған іс-шаралар дәстүрге айналсын; төртіншіден, көтерілген мәселелер бойынша ғылыми еңбектер басып шығару жұмыстары жүзеге асырылсын деп ой түйіндеді.

 

                                                      Кафедра доценті, т.ғ.к. Дюсенова Н.К.

                                                      Аға оқытушылары: Жолдыбаева С.А.,  Илгидаева С.М.