«Ұлттық мәдениет күніне» орай ұйымдастырылғаніс-шараның ЕСЕБІ

 «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 3наурыз 2016 ж. № 2 аудиторияда, сағат 12.00 факультет деңгейінде Ұлттық мәдениет күніне орай ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Бұл шараны нутрициология және биостатистика кафедралары ұйымдастырып, өткізді. Сценарий нутрициология кафедрасының оқытушысы Таракова Г.А., биостатистика кафедрасының оқытушысы Тулемисова В.Ж., жалпы гигиена кафедрасының доценті Анамбаева А.И.бірлесіп дайындалып, СӘМҚДД директоры мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» институтының деканымен келісіліп, бекітілді.

Бұл іс-шараның мақсаты –Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.Іс-шараға «Қоғамдық денсаулық сақтау», «медициналық-профилактикалық іс» факультетінің 4,5 курс100 астам студенттері және  нутрициология және биостатистика кафедраларының ПОҚ белсенді қатысты. Осы іс-шараға арнайықол-өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Барлық белсенді қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Көрермендер жүргізушілерге, қатысқан студенттердің шығармашылығына және өнеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар осындай іс-шараны университет деңгейінде өткізуге ықылас білдірді.