«Ұлы жеңіске – 70 жыл»

«Ұлы жеңіске – 70 жыл»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасының 4 және 5 курс студенттерімен бірлесіп университетіміздің «Құрметті профессоры» Б.А. Неменконың әкесі – Ұлы Отан соғысының ардагері Аркадий Борисович Райз рухына және осы соғыста ерлікпен қаза тапқан барша азаматтарымызды еске алуға арналған «Ұлы жеңіске – 70 жыл» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Өткізілген ашық тәрбие сағатында Ұлы отан соғысында қаза тапқандарға бір минуттық тыныштық жарияланып, студенттер өзінің соғыс ардагерлеріне, соғыста қаза тапқан азаматтарымызға арналған өлеңдерін, видео роликтерін, стендттік материалдарын ұсынды. Аркадий Борисович Райз соғыс кезінде 1941 жылы госпитальдік дәрігер болып, одан кейін Крым эвагоспитальінің бас хирургы болып қызмет атқарды. Ашық сабақ 50 минут көлемінде өткізілді. Жүргізуші болып 5 курс студентті Бөпеева Асель тағайындалды.

Сценарий

1-сөз жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, студенттер, оқытушылар! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұлы жеңіске – 70 жыл атты» ашық тәрбие сағатымызды Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арнаймыз.

Ашық сабағымыздың ашып беруге кафедра меңгерушісі профессор Бекбосынов Темирхан Қадырбекұлына сөз береміз.

2 – сөз: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

3- сөз: Ұлы жеңістің 70 жылдығына арнайы жасалған 5 курс медико-профилактикалық факультет студенттерінің видео-ролигін көруге шақырамыз.

4- сөз: 4 курс студенті Бектурсын Феруза «Жеңіс үні» атты өлеңін ташалаңыздар.

5-сөз: 4 курс студенті Муслимхан Арнурдың «ер есімі – ел есімде» видео ролигін көрейік.

6-сөз: 4 курс студентті Токсанбаева Аидадың «Казакстан в годы ВОВ» атты презентациясын тамашалайық.

7- сөз: Ұлы жеңіске 70 жыл атты ашық сабағымызды жабуға кафедрамыздың оқытушыларына қортытынды сөз Илиясова Аяулым Даулетқызына беріледі.