2014 жылдың қазан айының 15 жұлдызында қоғам қайраткері, қазақ халқының ұлы тұлғасы С.Ж.Асфендияров 125 жылдық мерейтойына ҚазҰМУ-нің Қоғамдық денасаулық сақтау факультетінің ұйымдастыруымен «Даңк залында» конференция өткізілді.

2014 жылдың қазан айының 15 жұлдызында қоғам қайраткері, қазақ халқының ұлы тұлғасы С.Ж.Асфендияров  125 жылдық мерейтойына ҚазҰМУ-нің Қоғамдық денасаулық сақтау факультетінің ұйымдастыруымен «Даңк залында» конференция өткізілді. Қонференция модераторлары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ректор кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Г.,Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканы м.а.-Бегадилова Т.С.,Нутрицология кафедрасының аға оқытушысы.,Ұлттық салауатты тағамтану орталығының Алматы қаласы бойынша жетекшісі-Қожахметова А.Н болды. Коференцияның жоғары денгейде өтуіне декан орынбасарлары Абирова А.А.,Мукашова М.С және факультеттің аға тьюторы Бегимбетова Г.А қатысты.

Коференцияның ашылуына арналған құттықтау сөзді ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Г бастады. Конференцияда бірнеше баяндамамалар оқылды. Атап айтатын болсақ «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 3 курс студенті Арыстан Сания «С.Ж.Асфендияров университеттің алғашқы ректоры,оның өмір жолы» атты баяндаманы ерекше баяндап шықты.

Сондай ақ конференцияға келген қонақтарға, баяндамашылар мен жетекшілерге алғыс хаттар мен сыйлықтарды Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканы Бегадилова Т.С. табыстады.

2014 жылдың қазан айының 20 жұлдызында С.Ж.Асфендияровақа арналған мерейтой жалғасын тапты. Бұл күн-ерекше күн болды. Өйткені дәл осы күні қазақ халқының мақтанышы, университетіміздің алағаш ректоры С.Ж.Афендияров өмірге келген келген күніне 125 жыл толды.

Осы күнге орай «Жалпы гигиена және экология кафедрасында» тьюторлар Бегимбетова Г.А 1 курс ЖМ 14-008, ЖМ 14-027 топтарымен және Оразымбетова А.М. МПІ-12-002 тобымен «Ер есімі-ел есінде» тақырыбында ашық сабақ және тьюторлық сағат өткізді.

Ашық сабақ кезінде  студенттер С.Ж.Асфендияров туралы көптеген мәліметтермен танысып, келешекете ары қарай ғылыми ізденестерін жалғастыратынындарын айтты.

Одан ары Бегимбетова Г.А.студенттерге көрмені тамашалауды ұсынды, соңынан мұражайдан «С.Ж.Асфендияров-ұлт мақтанышы» атты деректі фильм көрсеттілді.

 

Ер есімі-ел есінде сақталар,

Ерлер үшін,мәңгі өшпес тақ табар.

Елің үшін жанын қиған әрбір жан,

Ел есінде мәңігілікке сақталар-

дегендей  С.Ж.асфендияров қазақ халқының жадында мәңгі қалатындай өшпес мұра қалдырды. Осындай ұлы тұлға есімімен аталатын университетте білім алатындарын мақтан тұтты.